Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару дүйесі Департаментінің қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маман келесі бос лауазымға конкурс жариялайды (C-SVО-8 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 193 854,00 тг. бастап):
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы және Жетісу облыстары бойыншы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің материалды есепке алу тобының аға инспекторы – 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері. Ай сайын 1312, 1313, 1315, 1316,1317, 1319 есеп шоттар бойынша материалды –жауапты тұлғалармен жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 3 тамыз 2010 жылғы №393 үкімінің 2 тармағының 21 тармақшасын басшылыққа алып, форма №396 бойынша №13 мемориалды ордер жасайды. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 3 тамыз 2010 жылғы №393 үкімінің 2 тармағының 21 тармақшасын басшылыққа алып, №438 форма бойынша №10 мемориалды ордер жасайды. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 3 тамыз 2010 жылғы №393 үкімінің 2 тармағының 231 тармақшасын басшылыққа алып, жеке қолдану үшін арнайы киім-кешек, арнайы аяқ-киім бойынша аналитикалық есеп жүргізеді. Жолдамалы парақ және берілген тізімдеме бойынша нормаға сәйкес жанар-жағармайдың өтелімінің дұрыстығын тексеруге және жанар-жағармай бойынша есеп жүргізеді. Авто-тұрақ бойынша есеп жүргізеді, есептен шығару құжаттарының дұрыс рәсімделуін және қосалқы бөлшектердің қаншалықты жарамсыз екенін тексереді, қойма есеп карточкаларын және айналым тізімдеме есеп жүргізуге жауапты. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 3 тамыз 2010 жылғы №393 үкімінің 2 тармағының 21 тармақшасын басшылыққа алып, форма №438 бойынша №9 мемориалды ордер жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 38 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, құқытану, заңтану, құқық қорғау қызметі, құрылыс, инженер, машина жасау, көлік, көлік техникасы және технология мамандығы бойынша.
Еңбек өтілі:
- құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
- осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - МҚІА) уәкілетті органы беретін тестілеуден өту сертификатының және жеке қасиеттерін бағалау қортындысының болуы (құқық қорғау қызметі, 2 бағдарлама бойынша МҚІА-нің 20.06.2016 жылғы № 1 «Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес).
Конкурс ІІМ-нің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009 «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі» бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз өту үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде.
Бос және уақытша бос лауазым орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсіменен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім бері мекемелері берген дипломдар үшін, салытырып тексеру үшін түпнұсқалар);
4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрыңғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған, егжей-тегжейлі өмірбаян, қосымша қызметтік тізімнің (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, әкімшілік-мемлекеттік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың (өзге тұлғалар үшін);
5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) әскери билет немесе шақырту куәлігі.
Құжаттардың толық емес ұсынылуы конкурстық комиссияның қарауы олардан бас тартуға және конкурстың келесі кезеңдеріне жол бермеууге негіз болып табылады.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- лауазымдық қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты жалақы мөлшерінің ұлғаюы, тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыруға арналған жәрдемақылар, мансаптық өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
- арнаулы атағына байланысты 50 жастап бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген жағдайда).
Толық ақпарат алу үшін мына телфон арқылы хабарласуға болады: (Алматы қаласы, Красногорская көшесі 73 А, анықтама телефондары: 8 (7272) 90-21-26, 90-12-40 электрондық адрес a.kabdoldanov@mvd.gov.kz).