2019 жылдың 9 айында Кеңестердің 118 отырысы өткізіліп, онда 801 мәселе қаралды.
Анақтама үшін: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қорытындылары – 35, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметінің нәтижелері – 120, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының профилактикасы бойынша жұмыс нәтижелері – 143, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының қызметін талдау нәтижелері – 67, басқа да мәселелер – 141.
Кеңестермен әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын үйлестіру, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өара қатынасты жасау, сыбайлас жемқорлықты алдын-алудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру мақсатында 2079 ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді, оның ішінде 2074-і орындалды (99.7%).
Осы тәрізді, 295 тәртіптік істерді қарау қорытындысымен Әдеп жөніндегі кеңестермен қызметкерлерді тәртіптік жазаға тарту туралы 199 ұсыныстар енгізіліп, олардың 193 (97%) орындалды, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін – 52, Әдеп кодексін бұзғаны үшін – 141.
Бүгінгі күні, Кеңестердің қызметі толығымен әдеп бұзушылықтарының профилактикасына, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және мемлекеттік органдарды қолайлы моралдық-психологиялы ахуалды қалыптастыруға бағытталған.
Мысалы, Кеңестерде қаралған 801 мәселелердің 37%-ы тәртіптік істер болып табылады (295).
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет және Әдеп кодексі бұзушылықтарын алдын-алуға мақсатында 3802 семинаров–кеңестер, дөңгелек үстелдер, брифинг, конференциялар өткізілді.
Кеңес мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарында 7921 рет баяндама жасады, оның ішінде телевиденияда 1848, радиода 498 және интернет ресурстарда 3646. Баспасөз басылымдарда 1929 жарияланымдар орналастырылған.