Агенттіктің Әдеп жөніндегі кеңестері 2016 жылы бұрын құрылған Тәртіптік кеңестер негізінде құрылған.
Оларды құрудың басты мақсаты мемлекеттік органдарда жоғары әдеп нормаларды қамтамасыз ету және әдеп нормалардың бұзылуына жол бермеу болып табылады.
Әдеп жөніндегі кеңестер, тәртіптік істерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау нәтижелерін, заңнама бұзушылықтардың алдын-алу мәселелерін, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының қызметін қарауға құқылы.