Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қызылорда облысы Полиция департаменті төмендегі көрсетілген бос лауазымдарға іріктеу жұмыстарын жүргізетіндігі жөнінде жариялайды.
Орта басшы құрамы бойынша:
-Қызылорда қаласы Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімі патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, С-SSP-8 санаты бойынша;
Іріктеуге қатысуға ниет білдірушілерге қойылатын негізгі талаптар:
Жасы - 35-тен аспаған, бойы - ерлер үшін кемінде 170 см,
Күштер қатарында болған азаматтар /Білімі – жоғары және арнаулы орта: Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Көлік тасымалдауларын, қозғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру/. Міндетті түрде автокөлікті жүргізу куәліктері болуы тиіс.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 27 қазан – 10 желтоқсан аралығында қабылданады.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт-Ата көшесі №18 үй, Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы № 218 қызметтік бөлмесі.
байланыс телефоны 8/72-42-/29-70-47 .
Қызылорда облысы ПД
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы