Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі полиция департаменті Ішкі істер органдарына қатардағы және орта, кіші басшы құрамына жұмысқа орналасу үшін конкурс жариялайды (C-SVО-9 (инспектор) санаты бойынша лауазымдық жалақысы 184.897 теңге, C-SVR-8 (инспектор) санаты бойынша лауазымдық жалақысы 153.887 теңге, C-SV-12 (полицейі) санаты бойынша, лауазымдық жалақысы 153.887 теңге, C-SV-13 (техник) санаты бойынша, лауазымдық жалақысы 142.488 теңге):
Тәрбие және кадр жұмысы тобының инспектор-психологі: Астана станциясындағы Желілік полиция бөлімі (бұдан әрі – ЖПБ(б) - 1 бірл., Қарағанды-Сұрыптау ст.– 1 бірл.;
Әкімшілік полиция тобының инспекторы: Астана ст. ЖПБ Нұрлы-жол т/ж вокзалындағы - 1 бірл.;
Әкімшілік полиция бөлімшесі құқық бұзушылықтарды алдын алу тобының инспекторы: Жезқазған ст. ЖПб - 1 бірл.;
Ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы: Алматы әуежайындағы ст. – 1 бірл., Қонаев ст. ЖПб - 1 бірл., Қандыағаш ст.-1 ед., Маңғыстау ст. ЖПб - 1 бірл.;
Штаб-бөлімшесінің инспекторы: Алматы әуежайындағы ст. – 1 бірл., Ақтөбе ст. – 1 бірл., Атырау ст. -2 бірл., Маңғыстау ст. ЖПб - 1 бірл., Павлодар ст. -1 бірл.;
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының инспекторы: Достық ст. ЖПб - 1 бірл.,
Ақпараттық саясат тобының инспекторы: Петропавл ст. ЖПб - 1 бірл.,
Әкімшілік полиция бөлімшесі ұйымдастырушылық-аналитикалық тобының инспекторы: Қандыағаш ст. ЖПб - 1 бірл., Көкшетау ст. ЖПб - 1 бірл., Маңғыстау ст. ЖПб - 1 бірл.;
Патрульдік полиция полицейі: Астана ст. ЖПБ (б) - 2 бірл., Атбасар ст.– 1 бірл., Астана әуежайы – 1 бірл., Шамалган ст.– 1 бірл., Алматы әуежайы – 1 бірл., Актобе ст.– 1 бірл., Ақтөбе әуежайы – 1 бірл., Атырау ст-1 бірл., Сарыағаш ст.– 1 бірл., Күлсары ст.- 1 бірл., Достык ст.– 1 бірл., Ақтоғай ст.– 1 бірл., Жезказган ст.-2 бірл., Жезказган әуежайы – 2 бірл., Қарағанды-Сұрыптау ст.– 1 бірл., Саяқ ст.– 1 бірл., Көкшетау ст.– 3 бірл., Қандыағаш ст. – 3 бірл., Шұбар-Құдық ст.- 2 бірл., Түрксіб ст.– 1 бірл., Қостанай ст. – 2 бірл., Қостанай әуежайы - 1 бірл., Құсмұрын ст.–2 бірл., Тобыл ст.– 1 бірл., Қызылорда ст. – 2 бірл., Төретам -1 бірл., Жосалы ст. – 1 бірл., Өскемен ст. – 1 бірл., Риддер ст. -1 бірл., Шемонаиха ст.-2 бірл., Павлодар ст.-2 бірл., Шарбақты ст. – 1 бірл., Мамлютка ст.– 2 бірл., Семей ст. – 1 бірл., Тараз ст. – 1 бірл., Орал ст.– 2 бірл., Шыңғырлау ст.– 2 бірл., Қазақстан ст.– 1 бірл., Үштөбе – 2 бірл., Матай ст. – 1 бірл., Шымкент ст.– 3 бірл., Шу ст.– 5 бірл.;
Көліктегі ПД Автошаруашылықтың полицей-жүргізушісі - 9 бірл.;
Ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі - 2 бірл.;
Тылдық қамтамасыз ету басқармасының технигі - 1 бірл.
Тылдық қамтамасыз ету басқармасының қойма меңгерушісі - 2 бірл.
Кинологиялық қызметі тобының кіші инспектор-кинологі: Алматы ст. ЖПБ - 1 бірл.;
КПД ғимамаратты күзету тобының полицейі - 1 бірл.;
Тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі: Астана ст. ЖПБ - 1 бірл., әуежайы Астана ст.- 1 бірл., Атырау – 1 бірл., Ақтөбе – 1 бірл., Арыс ст.- 1 бірл., Жезқазған ст. ЖПб - 1 бірл., Көкшетау - 1 бірл., Семей – 1 бірл., Қарағанды-Сұрыптау ст.– 1 бірл.;
Кеңсе технигі: Астана ст. ЖПБ - 1 бірл., Алматы әуежайындағы ст. – 1 бірл., Қарағанды-Сұрыптау -1 бірл.;
Негізгі лауазымдық міндеттері: қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын-алу, ашу, тергеу, тылдық қамтамасыз ету, техникалық қолдау көрсету.
Конкурс Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері ережесіне сәйкес өткізіледі (ІІМ-нің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығы).
Құжаттар қабылдау: Департаменттің жергілікті жерлердегі желілік бөліністері.
Құжаттарды қабылдау уақыты: 2025 жылғы 10-21 қыркүйек аралығында.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру;
- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
- арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде),
- тұрғын-үй төлемдері (патрульдік полициясының қызмет инспекторы, патрульдік полициясының полицейі, кинологиялық қызметінің кіші инспектор- кинологі).
Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см., әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен, сондай-ақ әскери қызметке шақырудан босатылған, денсауық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды), білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы (офицерлік лауазымына),.
Толық ақпаратты алу үшін (010000, Астана қаласы, Затаевич көшесі 18/1, 113-кабинет, анықтама телефондары 8 (7172) 94-22-47, 71-59-53, телефоны, e-mail: press_dvdt@mail.ru, t.zhanaidarova@mvd.gov.kz, d.shakeeva@mvd.gov.kz) электрондық мекенжайы бойынша жүгіну қажет.
Көліктегі полиция департаменті
Жеке құрам жұмыс жөніндегі басқармасы