Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу кестесіне сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Кестеге сәйкес 2025 жылғы маусым айында Агенттіктің құрылымдық бөлімшелеріне тағылымдамадан өту үшін келген аумақтық департаменттер қызметшілерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы жалпы түсініктеме, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жадынама таратылды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (43, 60-баптар бойынша) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (22-бап бойынша) заңдарындағы нормалар туралы баяндалды.