Агенттік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі шаралар әзірлеу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде, соның бірі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін кеңейту болып табылады.
Осыған байланысты Агенттік 2015-2016 жылдары аралығында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органға (ҰЭМ) «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» ұғымына жататын 54 «жасырын» қызметтер жолдады, оның барлығы Тізілімге енгізілді.
Жалпы 2015-2017 жылдары аралығында Тізілім денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қорғаныс, азаматтарды тіркеу және басқа салалардағы 123 жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметпен толықтырылды.
Анықтама:
2015 жылы Тізілімге 41 қызмет енгізілді, Агенттікпен 15 немесе 36,6%.
2016 жылы – 24, оның ішінде Агенттікпен – 12 немесе 50%.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығында – 25, оның ішінде Агенттікпен – 22 немесе 88%.
2017 жылдың екінші жартыжылдығында – 33, оның ішінде Агенттікпен – 5 немесе 15% ұсынылды.