Мемлекеттік қызмет істері мәселелері бойынша қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобына үміткерлерді сайлау

«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) 1, 8 және 9-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесіне (бұдан әрі – Үлгілік ереже) сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында Мемлекеттік қызмет істері мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес құру жөнінде Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурсты өткізетіндігі туралы жариялайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы ____ адам, оның ішінде Агенттіктің өкілдері – 2 адам.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Үлгілік ережеге сәйкес нысан бойынша өтініш (қоса беріледі);

2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Жұмыс тобына үміткерлерге азаматтық қоғамнан Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күнін құрайды.

Сонымен қатар Үлгілік ережеге сәйкес ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге сәйкес нысан бойынша (қоса беріледі) Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті Агенттікке ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.

Құжаттар қабылдау конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қ., Абай к-сі 33 «А», 14 қабат, 1403 кабинет.

Тел. 8(7172) 75-30-97.

Электронды мекен-жай: b.makhatov@kyzmet.gov.kz

 

Қосымша (Өтініш)
Дата публикации
26 декабря 2019