Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті бос лауазымға (құқық қорғау қызметі бойынша) конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері, (1 бірлік), В-PKО-6 санаты бойынша.
Функционалдық міндеттемелері:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруға қатысу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізу; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға кеңес беру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, квазимемлекеттік секторлармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасауға және жұмыстарын үйлестіру; превенция бағыты бойынша жұмыстың озық нысандары мен әдістерін қолдану және тарату жөнінде шаралар қабылдау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауын анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді және тақырыптық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін ЖАО және БАҚ өкілдерімен талқылау; белгілі бір мемлекеттік органдарда немесе салаларда жиі және қайталанатын тәуекелдерді анықтау мәніне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу; қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілігі институтын іске асырудың ведомстволық мониторингін жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және мониторинг қорытындылары бойынша жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар (ұсыныстар) әзірлеу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша ақпаратты жинау, талдау және бағалау; ҚР ӘҚБтК-нің 804-бабы шеңберінде әкімшілік хаттамалар жасау. Әкімшілік практиканы жалпы үйлестіру және қорыту; ҚР ҚПК 200-бабының тәртібімен енгізілетін ұсынымдардың жобаларын келісу; мемлекеттік және жеке секторларда, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін айқындау және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіру; білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; сыбацйлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша материалдарды өңірлік және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, Департаменттің ресми сайтында жариялау; квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында, сондай-ақ ұлттық компаниялардың өңірлік бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіру.
Білім деңгейі мен мамандыққа қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес, жоғары кәсіби білім.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Білімі мен дағдыларға қойылатын талаптар: нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың бар болуы.
Лауазымдық жалақысының мөлшері (арнайы атағын, лауазымдық жалақыға үстемеақыларды есепке алмағанда):
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы |
|
|
min |
max |
|
|
В-PKО-6 |
219 973 |
327 930 |
Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құжаттар қағаз тасымалдағышта Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінде, (Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі 100, №208 кабинет) қағаз тасығыштар арқылы, анықтама телефондары: 8 (72533) 2-66-66, 2-69-32 сонымен қатар электронды түрде e-mail: ok.tko@antikor.gov.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
Конкурсқа мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органында тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өткен адамдар қатысады.
Кандидат Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мынадай құжаттарды қолма қол береді немесе жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша жібереді:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);
4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяы, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдардың бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге де адамдар үшін);
5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады.
Комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әңгімелесуге байқаушылар шақырылуы мүмкін.
Әңгімелесуге байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады
Байқаушы ретінде әңгімелесуге қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей органдардың кадр қызметінде тіркеледі. Тіркеу үшін тұлға органдардың кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін не оның электрондық нысанын және ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Әңгімелесу барысында бақылаушылар үміткерлерге сұрақтар қоймайды.
Байқаушылардың органның конкурстық комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етуіне, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.