Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшы құрамның келесі бос лауазымға конкурс жариялайды (C-SV-9 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 265 808,94 тг. бастап): Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Заң тобының аға инспекторы – 1 бірлік.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшы құрамның келесі бос лауазымға конкурс жариялайды (C-SV-9 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 265 808,94 тг. бастап):

1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Заң тобының аға инспекторы  – 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: Заң тобының жұмыс жоспарын әзірлейді, оның іс-шараларын іске асыруға қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарайды. ҚАЖ комитетінің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, сондай-ақ құқықтық актілердің жобаларын келіседі. Құқықтық актілер мен шарттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді, олардың заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындылар дайындайды. Белгіленген мерзімде орындауға келіп түскен қызметтік құжаттарды қарайды. Заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде талап арыздарды, апелляциялық, кассациялық шағымдарды, Сот пікірлерін, өтінішхаттарды, өтініштерді және өзге де процестік құжаттарды дайындауды, сондай-ақ беруді жүзеге асырады. Барлық сатылардың сот отырыстарына қатысады, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарда, ұйымдарда ҚАЖ комитетінің мүдделерін білдіреді. Заң тобының бас сарапшысы үшін заң тобының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындауды жүзеге асырады. ҚАЖ комитетінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп жалпыға бірдей құқықтық оқыту бойынша сабақтар өткізеді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына түсініктемелер дайындайды. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды. ІІМ Заң департаментінің сұрау салуы бойынша Заң тобы қызметінің мәселелері бойынша анықтамалар мен басқа да ақпарат дайындайды. ҚАЖ комитетінде нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы анықтаманы Заң департаментіне жібереді. Заң тобында іс қағаздарын жүргізеді. ҚАЖ комитеті, ІІМ Заң департаменті басшылығының, Заң тобының бас сарапшысының тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, заңтану мамандығы бойынша.

Еңбек өтілі:

- құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

- мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үшін үш жылдан кем емес;

- аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі бес жылдан кем;

- Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - МҚІА) уәкілетті органы беретін тестілеуден өту сертификатының және жеке қасиеттерін бағалау қортындысының болуы (құқық қорғау қызметі,  2 бағдарлама бойынша МҚІА-нің 20.06.2016 жылғы № 1 «Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес).

 

Конкурс ІІМ-нің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009 «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі» бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз өту үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде.

Бос және уақытша бос лауазым орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсіменен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім бері мекемелері берген дипломдар үшін, салытырып тексеру үшін түпнұсқалар);

4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрыңғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған, егжей-тегжейлі өмірбаян, қосымша қызметтік тізімнің (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, әкімшілік-мемлекеттік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың (өзге тұлғалар үшін);

5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

6) әскери билет немесе шақырту куәлігі.

 

Құжаттардың толық емес ұсынылуы конкурстық комиссияның қарауы олардан бас тартуға және конкурстың келесі кезеңдеріне жол бермеууге негіз болып табылады.

 

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- лауазымдық қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты жалақы мөлшерінің ұлғаюы, тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақылар, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

- арнаулы атағына байланысты 48 жастап бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген жағдайда).

Толық ақпарат алу үшін мына телфон арқылы хабарласуға болады: (010000, Астана қаласы, Б.Майлин көшесі 2, анықтама телефондары: 8 (7172) 72-30-64, 72-30-27, электрондық адрес an.fomina@mvd.gov.kz).

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшы құрамның келесі бос лауазымға конкурс жариялайды (C-SV-9 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 265 808,94 тг. бастап): Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Заң тобының аға инспекторы – 1 бірлік.
Дата публикации
14 января 2025