Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басшы құрамның келесі бос лауазымдарына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басшы құрамның келесі бос лауазымдарына конкурс жариялайды (C-SV-10 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 219 973 тг. бастап; C-SV-13 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 142 488 тг. бастап):

1) Қазақстан Республикасы ІІМ Ақпараттық саясат департаменті Имидждік жұмыс және мониторинг  басқармасы имидждік жұмыс және мониторинг тобының инспекторы –  1 бірлік, C-SV-10 санаты.

Негізгі функционалдық міндеттері: Имидждік жұмыс және мониторинг тобының аға инспекторымен бірлесіп, ақпараттық кеңістікті қоғам тарапынан теріс реакция туындатуы мүмкін ақпаратты анықтау мақсатында мониторинг жүргізеді, жедел ақпараттық әрекет ету бойынша ұсыныстар енгізеді, оқиғаға түсініктеме дайындайды. Жеке құрам арасында ішкі істер органдарының ведомстволық басылымдарына, сондай-ақ ІІМ басшылығына арналған республикалық мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстарын қамтамасыз етеді. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарына қатысты Департаменттің ұсыныстарын қалыптастырады және енгізеді. Полицияның танымалдылығын қамтамасыз ету, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлік істерін насихаттау және қазақстандық полицейдің оң бейнесін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады (имидждік және профилактикалық фильмдер, сериалдар, роликтер). Басқарма құзыреті шегінде жұмыс жоспарларын, Алқа отырыстары мен жедел кеңестерге арналған материалдарды, сондай-ақ ІІМ құрылымдық бөлімшелері мен басқа да мемлекеттік органдарға арналған ақпараттар мен анықтамаларды дайындауға қатысады. Департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.  Қазақстан Республикасы ратификациялаған Азаптауларға және басқа да қатал, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысқа тиюге бағытталған әрекеттер мен жазаларға қарсы БҰҰ Конвенциясының нормалары мен талаптарын сақтайды.  Азаптаулар мен басқа да қатал, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысқа тиюге бағытталған әрекеттер мен жазалар қолдану фактілері туралы ақпаратты дереу басшылыққа және (немесе) құқық қорғау органдарына жеткізеді. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілеріне жол бермеу үшін күрес жүргізеді және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытады. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға итермелеу мақсатында қандай да бір тұлғалардың жүгінулері туралы ақпаратты дереу басшылыққа және (немесе) ішкі істер органдарының қауіпсіздік қызметіне жеткізеді. Өтініштер бойынша мәселелердің сипаты мен қабылданған шешімдерді анық және нақты толтырады.  Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын сақтайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 Қаулысымен бекітілген «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға» сәйкес).

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.

Білімі: өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер және гуманитарлық ғылымдар); бизнес, басқару және құқық (бизнес, басқару және құқық); педагогикалық ғылымдар (педагогикалық ғылымдар); ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (ұлттық қауіпсіздік және әскери іс); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат) салаларында.

Еңбек өтілі:

- құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

- мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

           - аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

           - Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - МҚІА) уәкілетті органы беретін тестілеуден өту сертификатының және жеке қасиеттерін бағалау қортындысының болуы (құқық қорғау қызметі, 2 бағдарлама бойынша МҚІА-нің 20.06.2016 жылғы № 1 «Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес).

 

2) Қазақстан Республикасы ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы өтініштер, талдау және азаматтарды қабылдау тобының инспекторы – 1 бірлік,                   C-SV-10 санаты.

Негізгі функционалдық міндеттері: Түскен өтініштерді, соның ішінде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі мен Электронды Үкімет Порталы арқылы түскендерді қолданыстағы заңның талаптарына сәйкестігін тексереді. Олардың мазмұнымен танысады, оларды мақсаты бойынша беруге дайындайды. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдері түскен барлық өтініштерді тіркейді және «Документолог», «Е-Өтініш» деректер базасына енгізеді және сапалы тіркеуіне дербес жауапты болады. Тұрақты негізде Фронт-офис және хаттар жәшіктен түскен, қолма-қол келіп өтініштерді ұдайы негізде тіркеуді жүзеге асырады. Азаматтардың хаттары мен өтініштердің орындалуы мен өтуіне бақылау жүзеге асырады. Телефон арқылы жеке және заңды тұлғаларға олардың өтініштерінің тіркелгені туралы түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізеді. Қылмыстық-атқару жүйесі, қалалардың, облыстардың полиция Департаменттерінің және ІІМ оқу орындарының хаттармен, азаматтардың арыздары мен өтініштерімен жұмыстарын тексереді және практикалық көмек көрсетеді. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау мерзімдерін бақылайды. Ұдайы негізде «Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процессінің омниканалды» («Police-102») қосымшасында және бейне өтініш арқылы түскен өтініштер бойынша аналитикалық ақпараттарды  жалпылайды және дайындайды. ІІМ, басқарма жоспарына және жазба бұйрықтарына сәйкес ІІМ қызметтерінде, ПД, ТЖД, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар және ІІМ білім беру ұйымдарында іс жүргізу, өтініштер мен азаматтарды қабылдау жұмыстарының жай-күйін тексеруді жүзеге асырады. Үй-жайдағы мүліктің сақталуына жауап береді. Басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Өз өкілеттілігі шегінде қойылған міндеттерге сәйкес өзге де міндеттер жүктеледі. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.

Білімі: жоғары оқу орнынан кейінгі білім:  гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар); бизнес, басқару және құқық (бизнес, басқару және құқық); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика); педагогикалық ғылымдар (педагогикалық ғылымдар); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат) салалары бойынша.

Еңбек өтілі:

- құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

- мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

           - аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

           - Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - МҚІА) уәкілетті органы беретін тестілеуден өту сертификатының және жеке қасиеттерін бағалау қортындысының болуы (құқық қорғау қызметі, 2 бағдарлама бойынша МҚІА-нің                       20.06.2016 жылғы № 1 «Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес).

 

3) Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің кеңсе технигі, (негізгі қызметкердің уақытша болмау кезеңіне, 2027 жылғы 7 шілдеге дейін) –          1 бірлік, C-SV-13 санаты.

Негізгі функционалдық міндеттері: Түскен өтініштерді, соның ішінде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі мен Электронды Үкімет Порталы арқылы түскендерді қолданыстағы заңның талаптарына сәйкестігін тексереді. Олардың мазмұнымен танысады, оларды мақсаты бойынша беруге дайындайды. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдері түскен барлық өтініштерді тіркейді және «Документолог», «Е-Өтініш» деректер базасына енгізеді және сапалы тіркеуіне дербес жауапты болады. Тұрақты негізде Фронт-офис және хаттар жәшіктен түскен, қолма-қол келіп өтініштерді ұдайы негізде тіркеуді жүзеге асырады. Азаматтардың хаттары мен өтініштердің орындалуы мен өтуіне бақылау жүзеге асырады. Телефон арқылы жеке және заңды тұлғаларға олардың өтініштерінің тіркелгені туралы түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізеді. Қылмыстық-атқару жүйесі, қалалардың, облыстардың полиция Департаменттерінің және ІІМ оқу орындарының хаттармен, азаматтардың арыздары мен өтініштерімен жұмыстарын тексереді және практикалық көмек көрсетеді. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау мерзімдерін бақылайды. Ұдайы негізде «Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процессінің омниканалды» («Police-102») қосымшасында және бейне өтініш арқылы түскен өтініштер бойынша аналитикалық ақпараттарды  жалпылайды және дайындайды. ІІМ, басқарма жоспарына және жазба бұйрықтарына сәйкес ІІМ қызметтерінде, ПД, ТЖД, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар және ІІМ білім беру ұйымдарында іс жүргізу, өтініштер мен азаматтарды қабылдау жұмыстарының жай-күйін тексеруді жүзеге асырады. Үй-жайдағы мүліктің сақталуына жауап береді. Басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Өз өкілеттілігі шегінде қойылған міндеттерге сәйкес өзге де міндеттер жүктеледі. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.

Білімі: орта білім немесе техникалық және кәсіби білім.

 

Конкурс ІІМ-нің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 «Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері» бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз өту үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс жарияланғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде.

Бос және уақытша бос лауазым орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, еркін нысанда өтініш;

2) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімі;

3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған немесе басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

8) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

9) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

11) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады;

12) екі данада өзіне және жұбайына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- лауазымдық қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты жалақы мөлшерінің ұлғаюы, тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақылар, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

- арнаулы атағына байланысты 48 жастап бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген жағдайда).

Толық ақпарат алу үшін мына телфон арқылы хабарласуға болады: (010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі 1, анықтама телефондары: 8 (7172) 72-25-89, 71-52-29, 72-26-35, 72-22-72, электрондық адрес g.zhazenova@mvd.gov.kz, z.sagatbekova@mvd.gov.kz).

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басшы құрамның келесі бос лауазымдарына конкурс жариялайды
Дата публикации
10 января 2025