Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Қызылорда облысы Полиция департаменті төмендегі көрсетілген бос лауазымдарға іріктеу жұмыстарын жүргізетіндігі жөнінде жариялайды. Орта басшы құрамы бойынша:

 

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Қызылорда облысы Полиция департаменті төмендегі көрсетілген

бос лауазымдарға іріктеу жұмыстарын жүргізетіндігі жөнінде

 жариялайды.

 

Орта басшы құрамы бойынша:

 

        -Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, С-SSP-8 санаты бойынша;

 

        -Арал ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және техникалық инспекция тобының мемлекеттік автоинспекторы, С-SVR-8 санаты бойынша;

 

        -Сырдария ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, С-SVR-8 санаты бойынша;

 

        -Шиелі ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлар тобының учаскелік полиция инспекторы,              С-SVR-4 санаты бойынша.

 

        -Шиелі ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, С-SSP-8 санаты бойынша;

 

        -ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және техникалық инспекция тобының инспекторы, С-SVО-9 санаты бойынша;

 

 

Іріктеуге қатысуға ниет білдірушілерге қойылатын негізгі талаптар:

  • Орта басшы құрам лауазымына мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы /әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды/;

Жасы - 35-тен аспаған, бойы - кемінде 170 см,

 

 

  • С-SSP-8 санаты бойынша /Білімі – жоғары және арнаулы орта:

 Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Көлік тасымалдауларын, қозғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру, Көліктік техника және технология/. Міндетті түрде автокөлікті жүргізу куәлігі болуы тиіс.

 

  • С-SVR-4 санаты бойынша (учаскелік полиция инспекторы)             /Білімі – жоғары: Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Алғашқы әскери даярлық, Мемлекеттік және жергілікті басқару/.

 

  • С-SVR-8 және С-SVО-9 санаттары бойынша (жол және техникалық инспекция тобының мемлекеттік автоинспекторы) /Білімі – жоғары: Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Көлік тасмалдауларын, қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану/.

 

  • С-SVR-8 санаты бойынша (әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы) /Білімі – жоғары: Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Психология/.

 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы  09 қаңтар – 15 наурыз аралығында қабылданады.

 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт-Ата көшесі № 18 үй, Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы № 218 қызметтік бөлмесі.

байланыс телефоны 8/72-42-/29-70-47/

электронды мекен-жайы: Ai.sharipova@mvd.gov.kz  

 

 

 

Қызылорда облысы ПД

Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Қызылорда облысы Полиция департаменті төмендегі көрсетілген бос лауазымдарға іріктеу жұмыстарын жүргізетіндігі жөнінде жариялайды. Орта басшы құрамы бойынша:
Дата публикации
09 января 2025