«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» ММ Астана қаласы,
Мәңгілік ел даңғылы 14, тел: 8(7172)71-26-29, 7000809@prokuror.kz,
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қаржы департаментінің
Жедел мониторинг тобындағы Бас Прокурорының аға көмекшісі бос
лауазымына конкурс жариялайды (С-GP-4, 1-бірлік).
Конкурсты өткізу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022
жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық
мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28
желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан
Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Конкурстық комиссияны
қалыптастыру және оның жұмысы, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін,
сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға
орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
қағидаларымен» реттеледі (әрі қарай -Қағидалар ).
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы.
2. 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.
3. Жоғары заңгерлік білім.
Жалпы біліктілік талаптары:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы керек:
1) прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде
басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі
төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан кем
емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы
лауазымдарда үш жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына
сәйкес келетін салаларда он жылдан кем емес, оның ішінде басшы
лауазымдарда төрт жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы
лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті
шектеулі деп танылған;
2) құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық
бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
3) құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза
қолданылған;
4) қызметке тұрғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық
жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке
орналасқанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік
кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының
немесе 36-бабының негізінде босатылған;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан
шығарылған;
7) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы
Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10)
және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам.
Қызметтік міндеттер: Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізуге қатысты тапсырмаларының
орындалуын қамтамасыз ету, оның ішінде оларды іске асыру тиімділігін
ескере отырып, талдамалық есеп дайындау; ақпараттық жүйелерді
автоматтандыру бөлігінде аймақтық құрылымдардың рейтингі бойынша
статистикалық есепті жүргізу; заңнамада белгіленген тәртіппен жұмсалған
қаражаттың экономикалық мақсатқа сәйкестігіне қаржылық есептілікті
тексеру және талдау; цифрлық технологияларды дамыту мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аймақтық құрылымдарымен жалпы үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асыру; нақты ұсыныстармен қаржылық есептердің талдауларын дайындау; цифрлық шешімдерге қол жеткізу үшін тиімді басқаруды жүзеге асыру; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
құқық қорғау органдарында енгізілген ІТ-технологияларды дамытудың
халықаралық стандарттарына талдау жүргізу; прокуратураның іс жүргізуін
автоматтандыруға арналған мемлекеттік және ақпараттық ресурстарды құру
және дамыту; байланыс арналарының сапасын тексеру бойынша іс-шаралар
кешенін ұйымдастыру; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін зерттеу; жетекшілік
ететін салалар бойынша Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес бюджеттік
өтінімдерді әзірлеуге қатысу; техникалық шешімдерді қайталайтын ақпараттық жүйелерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу; ақпараттық
коммуникациялық технологиялар жобаларына экономикалық негізділік және
технологиялық даму тұрғысынан сараптама жүргізу; IT-технологияларды
дамыту мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар
әзірлеу;
бюрократиясыздандыру үдерістері шеңберінде аймақтық
құрылымдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау; құқық
қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің мониторингі мен бағалауы
бойынша есептерді қалыптастыру; құқық қорғау органдарында масштабтауға
жататын ақпараттық жүйелердің тізбесін келісу; тәуекелдерге талдау жүргізу,
ақпараттық активтерді жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау; қадағалау
процестерін жетілдіру және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін
қажетті әртүрлі ақпараттық платформалар мен деректер қорын, сондай-ақ
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын басқа да ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және енгізуге қатысу.
Кандидат Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және
электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына
сәйкес мынадай құжаттарды қолма қол береді немесе жалпыға
қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша жібереді:
1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау
қызметінің лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша) тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өткенің растайтын құжаттарды;
2) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;
4) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);
5) Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын
туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен
жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяны, қосымша қызметтік
тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдардың бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге де адамдар үшін);
6) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;
7) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның
оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі
үшін негіз болып табылады.
Органның бос лауазымдарына конкурсқа қатысуға ниет білдірген
адамдардан құжаттарды қабылдауды орган конкурс өткізу туралы
хабарландыруды соңғы жариялаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде
жүзеге асырады.