Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті Кадр жұмысын ұйымдастыру тобының аса маңызды істер жөніндегі офицері, В-РКО-6 санаты бойынша (1 бірлік).

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті Кадр жұмысын ұйымдастыру тобының аса маңызды істер жөніндегі офицері, В-РКО-6 санаты бойынша (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: заңмен көзделген тәртiп пен мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолданады;  Департамент қызметкерлерінің жеке істерін жүргізуге, қызметтен босатылған кезінде мұрағатқа дайындауға, кадрларды іріктеу мен орналастыруға жауапты; Департаменттің мемлекеттік әкімшілік, еңбек-келісім шарты бойынша қызметшілерінің жеке істерін жүргізуге, кадрларды іріктеу мен орналастыруға жауапты; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарындағы тәрбие жұмыстарын, ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайды күшейту жұмыстарына ұсыныс жасауды ұйымдастырады; мемлекеттік әкімшілік, еңбек-келісім шарты бойынша қызметкерлерінің әскери есебін жүргізеді және жұмысын ұйымдастырады; қызметкерлерге (қызметшілерге) қызметтік куәліктерді дайындауға, беруге және жоюға жауапты; қызметкерлердің кезекті демалыстарын пайдалануын, марапаттау, іссапарға жіберу туралы бұйрықтар, демалыстық құжаттарын дайындауды, демалыс бойынша бұйрықтарды тіркеу кітабын жүргізеді; жеке құрамның кәсіби дайындығын ұйымдастырып, даярлық сабақтарын өткізуге жауапты;  Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Академиясының магистратурасына түсуге үміткерлерді іріктеу және дайындауға жауапты;  Департамент аппаратының жеке құрам қызметкерлерінің дене-шынықтыру сабағын ұйымдастырады, қатысуын қадағалайды; Департамент жеке құрамының дене-шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерден сынақ алады және оны ұйымдастырады; Департамент қызметкерлерін біліктілігін арттыру бойынша және қайта даярлау курстарына жіберу жұмыстарына жауапты; Департамент қызметкерлерінің еңбекке жарамсыз парақтары бойынша есеп жүргізеді; Департамент қызметкерлерінің еңбек тәртібін орындау бойынша тексеру жүргізеді; Департамент қызметшілерінің бағалау іс-әрекетері бойынша жұмыстарын ұйымдастыру; Мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi «Е-қызмет» автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыру бойынша жұмысын жүргізеді; Департаменттің аттестациялық комиссиясы, тәртіптік комиссиясы, тұрғын-үй мәселесі бойынша комиссиясы, тәлімгерлер Кеңесінің, материалдық көмек көрсету, көтермелеу туралы комиссияларының жұмысын ұйымдастырады; Департамент қызметкерлеріне қатысты мәліметті Құқықтық стистика және арнайы есепке алу комитетінің  ведомстволық базасынан  сұрау салу арқылы алуды; топтың құпия құжаттарды жүргізуге жауапты.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл қызмет өтілінің; мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы; Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы.

Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар: нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

Лауазымдық жалақысының мөлшесі (біліктілік сыныбын, лауазымдық жалақыға үстемеақыларды есепке алмағанда):

Санаты

Лауазымдық айлық

min

max

В-PKО-6

219 973

296 955

 

Құжаттарды  қабылдау мерзімі  конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні.

Құжаттар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаментінің Кадр жұмысын ұйымдастыру тобында (Жезқазған  қаласы, Құрманбаева көшесі 15, №102 кабинет) қағаз тасығыштар арқылы, анықтама телефондары: 8 (7102) 72-12-31, сонымен қатар электронды түрде e-mail: ok.ulytau@antikor.gov.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттардың тізімі:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (тұпнұсқасы салыстыру үшін);

3) бiлiм туралы құжаттардың көшiрмелерін, сондай-ақ "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе танылу рәсімінен өткенін растайтын құжатты (шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) (түпнұсқалары салыстыру үшін);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін (тұпнұсқасы салыстыру үшін);

5) қызметтік тізімін (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсынады);

6) құжат тапсыру сәтінде қолданыстағы тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеу нәтижесімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификатының көшірмесін (құқық қорғау органдарына алғаш рет кіретін азматтар ұсынады) (тұпнұсқасы салыстыру үшін);

7) құжат тапсыру сәтінде жарамды құқық қорғау қызметі лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесін (құқық қорғау органдарына алғаш рет кіретін азаматтар ұсынады) (түпнұсқасы салыстыру үшін);

8) әскери қызмет өткергені немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың көшірмесін (тұпнұсқасы салыстыру үшін);

9) өлшемі 3х4 фотосуретті (4 дана).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, сонымен қатар белгіленген мерзімдерді бұзу кандидатты әңгімелесуге жіберудіен бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауға, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

 Конкурс кезеңдері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаментінің баршаға көрінетін жердегі ақпараттық стендтерінде, сонымен қатар anticorruption.gov.kz интернет – ресурсында орналастырылады.

Өтініш, конкурсқа қатысуға арналған сауалнама және өмірбаянның нысандары (Агенттіктің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған кезде).

 

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті Кадр жұмысын ұйымдастыру тобының аса маңызды істер жөніндегі офицері, В-РКО-6 санаты бойынша (1 бірлік).
Дата публикации
04 декабря 2024