Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының аға офицері, (1 бірлік), В-PKО-7 санаты бойынша.

Функционалдық міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында стартегиялық және бағдарламалық құжаттар әзірлеу және іске асыруға қатысу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау  нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға, ұйымдарға квазимемлекеттік секторы субъектілеріне енгізілген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға есеп және бақылау жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуды ұйымдастыру; сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындау бойынша мемлкеттік органдардың және ұйымдардың қызметтерін үйлестіру; сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениетті қалыптастыру аясындағы білім бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдауға қатысу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысу; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмі және нормативтік құқықтық базасына қатысты қоғамды хабардар ету жұмысына қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша құжаттарға бақылау жүргізу, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қарастыру; Қазастан Республикасы Президенті мен Үкіметі,  Агенттік басшылығының актілеріне, заңдарына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асыру; өз кәсіби қызметінде құқық қорғау органдары қызметінің жүйесін реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады;

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға C-SVO-8 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі талап етелмейді; мемлекеттік қызметте кемінде екі жыл жұмыс өтілінің; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы; Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Лауазымдық жалақысының мөлшесі (біліктілік сыныбын, лауазымдық жалақыға үстемеақыларды есепке алмағанда):

 

 

      Санаты

Лауазымдық жалақысы

min

max

В-PKО-7

204 046

275 896

 

Құжаттарды  қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 5 жұмыс күні.

Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мынадай құжаттарды қолма қол береді немесе жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша жібереді:

1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

            2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

            3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);

            4) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяны, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдардың бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге де адамдар үшін);

            5) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

            6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.

            Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органында тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өткен адамдар қатысады

Құжаттар қағаз тасымалдағышта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті (Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 37, телефоны: 8 (7182)              37-86-00, сондай-ақ электрондық түрде e-mail: ok.pavlodar@antikor.gov.kz электрондық поштасы  арқылы қабылданады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының аға офицері, (1 бірлік), В-PKО-7 санаты бойынша.
Дата публикации
31 октября 2024