Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаменті Анықтау және жолын кесу басқармасы Мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бөлімінің аға офицері (1 бірлік), В-PKО-7 санаты бойынша
Функционалдық міндеттелелері: Жедел қызмет көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу бойынша жедел - іздестіру қызметі мен анықтауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық көріністерін, сыбайлас жемқорлықтың жүйелі және ауқымды фактілерін анықтауға бағытталған жедел - іздестіру іс-шараларының тактикасы мен жоспарларын әзірлеу; әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дайындау; Қазақстан Республикасының заңдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, ашу бойынша басқа құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара іс-қимыл жасау; жедел-іздестіру қызметі нәтижелеріне мониторинг жүргізу; жүргізілетін арнайы жедел - іздестіру іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелілігін арттыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шешімдер қабылдау; ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерде көзделген басқа да функцияларды орындау.
Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға C-SVO-8 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі талап етелмейді; мемлекеттік қызметте кемінде екі жыл жұмыс өтілінің; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы; Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Лауазымдық жалақысының мөлшесі (біліктілік сыныбын, лауазымдық жалақыға үстемеақыларды есепке алмағанда):
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы |
|
|
min |
max |
|
|
В-PKО-7 |
204 046 |
275 896 |
Конкурсты өткізу қағидалары мен ұсынылатын құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» бірлескен бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-Ереже).
Орган комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әңгімелесуге байқаушылар шақырылуы мүмкін.
Байқаушы ретінде әңгімелесуге қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей органдардың кадр қызметінде тіркеледі. Тіркеу үшін тұлға органдардың кадр қызметіне жеке сын куәландыратын құжаттың көшірмесін не оның электрондық нысанын және ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі-конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні.
Қағаз жеткізгіштердегі құжаттарды Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің кадр жұмысын ұйымдастыру жөніндегі тобы (Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 100 үй, № 304 кабинет, телефоны: 8 (7292) 31-91-15, сондай-ақ электрондық түрде e-mail: ok.aktau@antikor.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);
4) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған егжей-тегжейлі Өмірбаян, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге тұлғалар үшін);
5) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) Әскери билет немесе тіркеу куәлігі.
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады.
Конкурстың кезеңдері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталында көпшіліктің назарына ұсынылатын орындарда орналастырылатын болады "www.gov.kz".