Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бос лауазымға (құқық қорғау қызметі бойынша) конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының аға офицері, (1 бірлік), В-PKО-7 категориясы бойынша.

Функционалдық міндеттемелері: мемлекеттік органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік секторының қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасау себептері мен шарттарын анықтау бойынша мониторинг өткізу, оның ішінде мемлекеттік сатып алуда мониторинг өткізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарды жасау; мемлекеттік органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік секторының қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасау себептері мен шарттарын анықтау бойынша талдау өткізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарды жасау; Департамент басшылығымен қарастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасау себептері мен шарттарын анықтау бойынша өткізілген шаралар жөніндегі ақпараттың жобаларын дайындау; Басқарма жоспарларын құрастыру барысына қатысу, Басқарма қызметкерлері-орындаушылардың қызметін үйлестіру; мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін қарастыру бойынша өткізілетін жиналыстарға құжаттама дайындауға қатысу; Басқарма құзіретіне кіретін сұрақтары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілерімен байланыс жасау; Басқарма  құзіреті шеңберінде Сыбайлас жемқорлық жөніндегі ұлттық баяндамаға енгізу үшін ұсыныстар дайындау; Басқарма құзіреті шеңберінде әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі істер бойынша өндіріс жүргізу; Басқарма құзіретіне кіретін сұрақтары бойынша анықтамалар және жиынтық-талдамалық ақпаратты құрастыру; Басқарма құзіретіне кіретін сұрақтары бойынша құқықтық актілерін даярлау; Басқарма құзіретіне кіретін сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарма құзіреті шеңберінде халықаралық ұйымдармен, оның ішінде рейтингтік агенттіктермен өзара қарым-қатынас жасау бойынша жұмысына қатысу.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға C-SVO-8 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі талап етілмейді; мемлекеттік қызметте кемінде екі жыл жұмыс өтілінің; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы; Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Лауазымдық жалақысының мөлшесі (арнайы атағын, лауазымдық жалақыға үстемеақыларды есепке алмағанда):

 

Санаты

Лауазымдық айлық

min

max

В-PKО-7

204 046,41

275 896,23

 

Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-Қағидалар).

Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы соңғы хабарлама жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн.

Құжаттар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде (Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі, 100 үй, телефоны: 8 (7152) 46-34-68), сондай-ақ электрондық түрде e-mail: ok.sko@antikor.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);

4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяы, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдардың бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге де адамдар үшін);

5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

6) Әскери билет немесе тіркеу куәлігі.

Конкурсқа тестілеуден, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткен адамдар қатысады.

Құжаттардың толық емес пакетін, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну, кандидатты әңгімелесуге жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.

Бақылаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Бақылаушыларға комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге, техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Конкурс кезеңдері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) ақпараттық стендтерінде баршаға көрінетін жерлерде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың «www.gov.kz» бірыңғай интернет-порталында орналастырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бос лауазымға (құқық қорғау қызметі бойынша) конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының аға офицері, (1 бірлік), В-PKО-7 категориясы бойынша.
Дата публикации
02 октября 2024