Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті Ұйымдастыру-бақылау басқармасының (Штабының) ақпараттық қауіпсіздік аса маңызды істер жөніндегі офицері, (1 бірлік), В-PKО-6 категориясы бойынша.

Функционалдық міндеттелелері: ақпараттық ресурстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу; бизнес-процестерді автоматтандыру және Агенттік пен Департамент қызметіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу; ақпараттық қауіпсіздік қатерлеріне талдау жүргізу; ақпараттық қауіпсіздік санаттарын беру және ақпараттық ресурстардың қорғалу жай-күйін бағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттық технологиялар мен байланысты енгізу, жаңғырту жобаларын қарауға және келісуге қатысу; ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитін жүргізу процестерін ұйымдастыру және бақылау; штаттан тыс (дағдарысты) жағдайлар кезінде ақпараттық қауіпсіздік инциденттері туындаған кезде персоналды, басшылықты, шұғыл қызметтерді және қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарын хабардар ету; ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты ақпараттық активтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы процестердің жұмыс істеуін ұйымдастыру және бақылау; цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және үйлестіру; автоматтандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттық технологиялар мен байланысты енгізу, жаңғырту жобаларын қарауға және келісуге қатысу; ақпараттық қауіпсіздік инциденттері туындаған жағдайда талдау үшін үздіксіз жұмыс істеуі маңызды болып табылатын Ақпараттық жүйелер мен сервистердің жұмыс істеу оқиғаларын жинау, өңдеу, сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау; ақпараттық қауіпсіздік саласында пайдаланушыларды хабардар ету деңгейін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау (оның ішінде жұмысқа қабылдау кезінде барлық персоналға міндетті нұсқамалар); пайдаланушылар арасында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және олардан ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды талап ету.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.- IT технологиялар, компьютерлік технологиялар мен ақпараттық бағдарламалардың  инженері, бағдарламалау, жүйелік әкімшілендіру.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы; Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Лауазымдық жалақысының мөлшері (біліктілік сыныбын, лауазымдық жалақыға үстемеақыларды есепке алмағанда):

 

 

      Санаты

Лауазымдық жалақысы

min

max

В-PKО-6

219 973

296 955

 

 

 

 

 

 

Құжаттарды  қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 5 жұмыс күні.

Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мынадай құжаттарды қолма қол береді немесе жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша жібереді:

1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

            2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

            3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);

            4) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяны, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдардың бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге де адамдар үшін);

            5) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

            6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.

            Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органында тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өткен адамдар қатысады

Құжаттар қағаз тасымалдағышта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті (Жезқазған қаласы, Құрманбаева көшесі, 15, телефоны: 8 (7102) 72-12-31, сондай-ақ электрондық түрде e-mail: ok.ulytau@antikor.gov.kz электрондық поштасы  арқылы қабылданады.

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті Ұйымдастыру-бақылау басқармасының (Штабының) ақпараттық қауіпсіздік аса маңызды істер жөніндегі офицері, (1 бірлік), В-PKО-6 категориясы бойынша.
Дата публикации
25 сентября 2024