Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері бос лауазымына (құқық қорғау қызметі бойынша) В-PK-6 санаты бойынша конкурс жариялайды (1 бірлік)

Халықаралық ынтымақтастық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицерінің міндеттері:

Агенттік пен Департамент басшылығының, Басқарма басшысының тапсырмаларын, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

Агенттіктің құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін жүзеге асыру;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын іске асыруға қатысу;

Агенттік қызметкерлерінің (жұмысшыларының) сапарларын, іссапарларын, мәжілістерге және басқа да халықаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;

Агенттік басшылығының шетел мемлекеттерінің өкілдерімен және халықаралық ұйымдармен кездесулері мен іс-шараларын сүйемелдеу;

Агенттік басшылығының сапарлары, іссапарлары, мәжілістерге және басқа да халықаралық іс-шараларға қатысуын мазмұндық қолдау;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық ынтымақтастық аясында тақырыптық іс-шараларды өткізу;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу, Агенттіктің халықаралық ынтымақтастық стратегиясын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Агенттіктің құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерімен, рейтингтік агенттіктермен, халықаралық және басқа да ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу;

Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жиынтық-талдау және есеп материалдарын, баяндамалар мен анықтамаларды дайындау;

Агенттіктің өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар аясында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қаржылық, институционалдық және басқа да көмектерді тартуға қатысу;

Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық шарттар мен меморандумдар жобаларын әзірлеуге қатысу;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының қызметін үйлестіру;

Құжаттар мен мемлекеттік мүлікті ережелерге сәйкес сақтау, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті қызметтік мақсатта пайдалану;

Агенттік бланкілерін пайдалану тәртібін қатаң сақтау, қол қою арқылы берілген, қорғауға жататын қатаң есеп бланкілерін қатаң есепке алу, жарамсыз бланкілерді күнделікті акт жасау арқылы жою;

Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы қағидалары), мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулер және жүктелген қызметтік міндеттерді орындауға байланысты заңнама талаптарын сақтау;

Департамент және Агенттік басшылығы жүктеген басқа да міндеттерді орындау

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

В-PK-6 санаты лауазымына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:

1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;

5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері бос лауазымына (құқық қорғау қызметі бойынша) В-PK-6 санаты бойынша конкурс жариялайды (1 бірлік)
Дата публикации
02 сентября 2024