Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті бос лауазымға (құқық қорғау қызметі бойынша) конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті анықтау және жолын кесу басқармасының мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бөлімінің аға офицері (1 бірлік), В-PKО-7 санаты бойынша

Функционалдық міндеттемелері:Жедел қызмет көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу бойынша жедел - іздестіру қызметі мен анықтауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық көріністерін, сыбайлас жемқорлықтың жүйелі және ауқымды фактілерін анықтауға бағытталған жедел - іздестіру іс-шараларының тактикасы мен жоспарларын әзірлеу; әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дайындауҚазақстан Республикасының заңдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, ашу бойынша басқа құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара іс-қимыл жасау; жедел-іздестіру қызметі нәтижелеріне мониторинг жүргізу; жүргізілетін арнайы жедел - іздестіру іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелілігін арттыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шешімдер қабылдау; ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерде көзделген басқа да функцияларды орындау

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға С-SVО-8 санаттары лауазымдарына орналасу үшн жұмыс өтілі талап етілмейді; мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес; Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Лауазымдық жалақысының мөлшесі (арнайы атағын, лауазымдық жалақыға үстемеақыларды есепке алмағанда):

 



Санаты

Лауазымдық жалақысы

min

max

В-PKО-7

204 046

275 896

 

Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-Қағидалар).

Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу туралы соңғы хабарлама жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн.

Құжаттар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментінде қабылданады, индексі 1100000, Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 4, 407-кабинет,анықтама үшін телефон 8 (7142) 914-345 қағаз жүзінде және электронды түрде e-mail: ok.kostanay@antikor.gov.kzмекенжайына қабылданады

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе оның электрондық нысаны;

3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);

4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяны, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге де адамдар үшін);

5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

6) Әскери билет немесе тіркеу куәлігі.

Конкурсқа тестілеуден, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткен адамдар қатысады.

Құжаттардың толық емес пакетін, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну, кандидатты әңгімелесуге жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар шақырылуы мүмкін. Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.

Бақылаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Бақылаушыларға комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге, техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Конкурс кезеңдері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) ақпараттық стендтерінде баршаға көрінетін жерлерде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың «www.gov.kz» бірыңғай интернет-порталында орналастырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті бос лауазымға (құқық қорғау қызметі бойынша) конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті анықтау және жолын кесу басқармасының мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бөлімінің аға офицері (1 бірлік), В-PKО-7 санаты бойынша
Дата публикации
16 августа 2024