Көліктегі полиция департаменті басшы құрамның келесі бос лауазымдарына конкурс жариялайды (C-SVО-8 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 130 958 тг. бастап):
1) Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің аға инспекторы – 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері: Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің (бұдан әрі - ҚҚеБ) жоспарына сәйкес іс-шараларды іске асыруға қатысады. Номенклатурасы істерінің, жулнардарын, мөлшерді есепке алу журналында, жұмыс дәптерлерін есепке алу және беру журналында, ішкі арнайы блокноттарды жүргізеді, сонымен қатар олардың сақталуына бақылау жасайды. Номенклатурасы істердің жабылуында қадағалайды. Ай сайын құжаттардың тіркелуін, есепке алуын және сақталуын, Номенклатурасы істерді жүргізілуін тексеріс жасайды, анықтамалар дайындайды, Көліктегі ПД бөліністермен және қызметкерлерімен хат алмасуды ұйымдастырып жүргізеді. Бөлімнің тауар-материалдық құндылықтарына жауапты. Ақпараттық кауіпсіздікті камтамасыз ету бойынша талаптарды сақтайды. Орындауға келіп түскен қызметтік құжаттарды белгіленген мерзімде қарайды. Құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша басқа ішкі істер органдарының құрылымдық бөліністерімен, бағынысты ұйымдар және мекемелермен бірлесіп өзара іс-қимыл жасайды. Ішкі істер органдарының қызметін реттейтін заңнамаларды жетілдіру мақсатында ұсыныстар дайындайды. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметіндегі сұрақтар бойынша есептерді, анықтамаларды және өзге де ақпараттарды дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, басқару және құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, педагогика) мамандықтары бойынша.
Еңбек өтілі:
- құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үшін екі жылдан кем емес;
- аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес; мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - МҚІА) уәкілетті органы беретін тестілеуден өту сертификатының және жеке қасиеттерін бағалау қортындысының болуы (құқық қорғау қызметі, 2 бағдарлама бойынша МҚІА-нің 20.06.2016 жылғы № 1 «Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес).
Конкурс ІІМ-нің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009 «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі» бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз өту үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде.
Бос және уақытша бос лауазым орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсіменен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім бері мекемелері берген дипломдар үшін, салытырып тексеру үшін түпнұсқалар);
4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрыңғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған, егжей-тегжейлі өмірбаян, қосымша қызметтік тізімнің (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, әкімшілік-мемлекеттік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың (өзге тұлғалар үшін);
5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) әскери билет немесе шақырту куәлігі.
Құжаттардың толық емес ұсынылуы конкурстық комиссияның қарауы олардан бас тартуға және конкурстың келесі кезеңдеріне жол бермеуге негіз болып табылады.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- лауазымдық қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты жалақы мөлшерінің ұлғаюы, тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыруға арналған жәрдемақылар, мансаптық өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
- арнаулы атағына байланысты 48 жастап бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген жағдайда).
Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: (010000, Затаевич көшесі 18/1, 113-кабинет, анықтама телефондары 8 (7172) 94-22-47, факс 8 (7172) 71-59-53, электрондық адрес: press_dvdt@mail.ru, al.abelmanova@mvd.gov.kz).