Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті бос лауазымға (құқық қорғау қызметі бойынша) конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу басқармасының бюджеттік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі (1 бірлік), В-PKО-7 санаты бойынша

Функционалдық міндеттелері: қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына сәйкес тергеушінің міндетін атқарады, Тергеу тобының басшысы етіп тағайындалған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің баптарына сәйкес өкілеттілігін жүзеге асырады; қылмыстық процесс кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, процеске қатысушылардың заң талаптарын орындауына жағдай жасауға; қылмыстық істердің тергелу мерзімдерін, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін қадағалайды; тергелудегі қылмыстық іске қатысты жедел-іздестіру материалдарымен танысып, өндірістегі қылмыстық істер бойынша жедел сүйемелдеуді жүзеге асырушы жедел қызметкерлердің қызметін үйлестіреді, қажеттілігіне орай  олар бойынша тиісті жазбаша тапсырмалар мен нұсқаулар беріп, олардың орындалуын қадағалайды; тергелудегі қылмыстық іс бойынша соттың қаулысы мен шешімін, прокурордың актісін, Департамент басшысының, оның тергеу сұрақтары бойынша орынбасарының, Департаменттің Тергеу басқармасы басшысының тапсырмаларын орындау; тергеген қылмыстық істері бойынша, қылмыстық әрекеттен келтірілген залалдың орнына толығымен қайтарылуын қамтамасыз етуде, азаматтардың бұзылған құқықтарын, мемлекет пен қоғамның, заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіруде шаралар қабылдайды.

 

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға С-SVО-8 санаттары лауазымдарына орналасу үшн жұмыс өтілі талап етілмейді; мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес; Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті бос лауазымға (құқық қорғау қызметі бойынша) конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу басқармасының бюджеттік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі (1 бірлік), В-PKО-7 санаты бойынша
Дата публикации
26 июля 2024