Негізгі функционалдық міндеттері: Ішкі істер органдары жүйесінде цифрлық трансформация, ақпараттық қауіпсіздік және бизнес процестерін реинжинирингілеу стратегиясын іске асыру бөлігінде ішкі істер органдары бөліністерінің қызметін үйлестреді және бақылайды. Ведомстоволық ақпараттық жүйелердің, деректер және тіркеу базалары мәселелерінің жұмысын ұйымдастырады. ПД-нің «Электронды үкімет» жүйесінде мемлекеттік органдардың Интранет-парталында, электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде және бұлтты құжат айналымын дамыту мәселелерімен айналысады. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бизнес-процестерді автоматтандыру, сондай-ақ процесте қолданылатын ПД және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру мәлелелері. Ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметіне жетекшілік етеді. Жүктелген міндеттерге сәйкес өз құзіреті шегінде ПД басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды. Ішкі істер органдары бөліністерінің қызметін техникалық және телекоммуникациялық қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету, олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді. Ақпараттық коммуникациялық бөлімшелердің қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді ұйымдастырады.Ақпарат және байланыс бөліністерінің қызметін жетілдіру, бөлініс қызметкерлерін тағайындау, ауыстыру, жұмыстан босату, көтермелеу және жазалау бойынша, ПД-нің техникалық, ақпараттық, телекоммуникациялық қамтамасыз ету және ақпатарттық қауіпсіздік мәселерін жоспарлау бойынша ПД-нің басшылығына ұсыныстар енгізеді. Ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметкерлер мен жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулықтарын орындау барысында нормативтік-құқықтық актілердің сақтауын, жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындауларын қадағалайды, ІІО-ның техникалық бөліністерінің жұмысына тұрақты талдау және есеп құжаттарын уақтылы, сапалы дайындауды қамтамасыз етеді. Ақпарат және байланыс бөліністерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тәжірибесіне талдау жасауды және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауды ұйымдастырады. ПД-нің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.
Білімі: Жоғары арнайы білім (мамандану) нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім
Еңбек өтілі:
1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-4, C-OGP-4, C-RGP-1, C-AGP-4, C-KGP-2, C-OKGP-2, В-PK-4, В-PKО-3, C-SV-4, С-SVО-3, C-SVR-1, C-SVU-3, C-SN-3, С-SSP-3, C-SGU-5, С-FM-3, С-FMО-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе нақты құрылымдық бөліністердің штаттық кестесімен көзделген келесі төмен тұрған санаттардан төмен емес;
2) арнайы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес;
3) судья лауазымындағы жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда немесе "А" корпусының лауазымдарында немесе А-3, В-3, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
5) аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;
6) Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Конкурс ІІМ-нің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009 «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі» бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз өту үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде.
Бос және уақытша бос лауазым орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсіменен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім бері мекемелері берген дипломдар үшін, салытырып тексеру үшін түпнұсқалар);
4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрыңғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған, егжей-тегжейлі өмірбаян, қосымша қызметтік тізімнің (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, әкімшілік-мемлекеттік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың (өзге тұлғалар үшін);
5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) әскери билет немесе шақырту куәлігі.
Құжаттардың толық емес ұсынылуы конкурстық комиссияның қарауы олардан бас тартуға және конкурстың келесі кезеңдеріне жол бермеууге негіз болып табылады.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- лауазымдық қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты жалақы мөлшерінің ұлғаюы, тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыруға арналған жәрдемақылар, мансаптық өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
- арнаулы атағына байланысты 48 жастап бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген жағдайда).
Толық ақпарат алу үшін мына телфон арқылы хабарласуға болады: (010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі 1, анықтама телефондары: 8 (7172) 72-20-95, 72-20-03, 72-20-05, 72-50-99, 72-40-35, электрондық адрес a.kurmanbekova@mvd.gov.kz., arma.akhmetov@mvd.gov.kz.