Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басшы құрамның келесі бос лауазымдарына конкурс жариялайды (C-SV-8 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 168 122 тг. бастап): ҚР ІІМ Заң департаменті Шарттық және талап-арыз жұмысы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы – 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: Департаменттің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады және оның іс-шараларын жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарайды. Нормативтік емес құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, сондай-ақ ІІМ-нің басқа бөлімшелері әзірлеген нормативтік құқықтық (құқықтық) актілердің жобаларын келіседі. Нормативтік емес құқықтық актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді, олардың заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындылар дайындайды. Белгіленген мерзімде орындауға келіп түскен қызметтік құжаттарды қарайды. Заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде талап арыздарды, апелляциялық және кассациялық шағымдарды, сот пікірлерін, өтінішхаттарды, өтініштерді және өзге де процестік құжаттарды дайындауды, сондай-ақ беруді жүзеге асырады. Соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда Министрліктің мүдделерін қорғауды және осы жұмысты жергілікті жерлерде үйлестіруді қамтамасыз етеді. Сот актілерін орындау жөніндегі органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Сот және құқық қолдану практикасын талдайды, қорытындысы бойынша ІІМ-нің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелері үшін әдістемелік шолулар дайындауды жүзеге асырады. Департамент басшылығы үшін өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындауды жүзеге асырады. Өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІІМ-нің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимыл жасайды. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жалпыға бірдей құқықтық оқыту бойынша сабақтар өткізеді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына түсініктемелер дайындайды. Нормашығармашылық және құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңестер, ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізуге, ішкі істер органдарының заң қызметтерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Ішкі істер органдарының қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, бизнес, басқару және құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) мамандықтары бойынша.

Еңбек өтілі:

- құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

- арнайы мемлекеттік органдарындағы немесе әскери қызметтегі,                         не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

- мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

- аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;

- Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - МҚІА) уәкілетті органы беретін тестілеуден өту сертификатының және жеке қасиеттерін бағалау қортындысының болуы (құқық қорғау қызметі,                         2 бағдарлама бойынша МҚІА-нің 20.06.2016 жылғы № 1 «Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес).

 

Конкурс ІІМ-нің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009 «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі» бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз өту үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде.

Бос және уақытша бос лауазым орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсіменен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім бері мекемелері берген дипломдар үшін, салытырып тексеру үшін түпнұсқалар);

4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрыңғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған, егжей-тегжейлі өмірбаян, қосымша қызметтік тізімнің (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, әкімшілік-мемлекеттік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың (өзге тұлғалар үшін);

5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

6) әскери билет немесе шақырту куәлігі.

 

Құжаттардың толық емес ұсынылуы конкурстық комиссияның қарауы олардан бас тартуға және конкурстың келесі кезеңдеріне жол бермеууге негіз болып табылады.

 

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- лауазымдық қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты жалақы мөлшерінің ұлғаюы, тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақылар, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

- арнаулы атағына байланысты 48 жастап бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген жағдайда).

Толық ақпарат алу үшін мына телфон арқылы хабарласуға болады: (010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі 1, анықтама телефондары:                                8 (7172) 72-25-89, 71-52-29, 72-26-35, 72-22-72, электрондық адрес z.sagatbekova@mvd.gov.kz).

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басшы құрамның келесі бос лауазымдарына конкурс жариялайды (C-SV-8 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 168 122 тг. бастап): ҚР ІІМ Заң департаменті Шарттық және талап-арыз жұмысы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы – 1 бірлік.
Дата публикации
24 июля 2024