Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басшы құрамның келесі бос лауазымға конкурс жариялайды (C-SV-9 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 150 071 тг. бастап): Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Медициналық басқармасының аға инспектор-дәрігері – 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: Ведомстволық Денсаулық сақтау саласының медицина қызметкерлерін көтермелеу үшін басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша материалдар, марапаттау материалдарын жинауды жүзеге асыру.  ІІО медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, құрылымы мен штаттарын жақсартуға, олар көрсететін мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Медициналық қамтамасыз етуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз ету бойынша шолу ақпаратын дайындауға қатысу. ІІО медициналық ұйымдарының қызметін тексеруді жүзеге асыру. Жауынгерлік қызметтік даярлық шеңберінде алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша ішкі істер органдарының жеке құрамын қызметтік даярлауға қатысу. Өз құзыреті шегінде медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңестердің, семинарлардың, конференциялардың, тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың және т.б. жұмысына қатысу. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің медициналық бөлімдері (топтары) ұсынған құқық қорғау органдарының жеке құрамын медициналық қамтамасыз ету жөніндегі жылдық статистикалық есептердің нәтижелерін жинақтау және талдау. Құқық қорғау органдарының жеке құрамы арасында өлім-жітім бойынша материалдарды жинау және қорыту. Бюджетті қаржыландыру және жоспарлау, медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру, Медициналық және дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша материалдарды жинауды және қорытуды жүргізу.  Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің медициналық бөлімдері (топтары) ұсынған арнаулы контингентті медициналық қамтамасыз ету жөніндегі жылдық статистикалық есептердің нәтижелерін жинақтау және талдау. Жеке құрамға, тіркелген контингентке және ІІМ арнаулы мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмекті ұйымдастыруды жүзеге асыру. Жедел ақпарат, статистикалық есептілік жинау, жеке құрамды, тіркелген контингентті және ІІМ арнаулы мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету бойынша шолу ақпаратына материалдар дайындау. Арнаулы мекемелерде жеке құрамның және адамдардың өлім жағдайларының материалдарын жинақтау. Функционалдық міндеттерді орындауға байланысты жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде жүзеге асыру. Ішкі Істер Министрлігінің медициналық ұйымдарының медицина қызметкерлеріне бұйрықтар, нұсқаулық хаттар, нұсқаулар және т. б. жеткізу. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Тыл департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің және ІІМ, ПД, НГ және т. б. басқа да қызметтердің мамандарымен өзара іс-қимыл жасау. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның аумақтық емдеу мекемелерінің, ғылыми-зерттеу және медициналық академиясының мамандарымен өзара іс-қимыл жасау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау. ІІО медициналық ұйымдарының қызметін тексеруді жүзеге асыру. ПД медициналық бөлімдерінің (топтарының) қызметін тексеруді жүзеге асыру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында (жалпы медицина, емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтау) мамандықтары бойынша.

Еңбек өтілі:

- құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі,  не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

- мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үшін үш жылдан кем емес;

- аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі бес жылдан кем;

- Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - МҚІА) уәкілетті органы беретін тестілеуден өту сертификатының және жеке қасиеттерін бағалау қортындысының болуы (құқық қорғау қызметі, 2 бағдарлама бойынша МҚІА-нің 20.06.2016 жылғы № 1 «Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес).

 

Конкурс ІІМ-нің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009 «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі» бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз өту үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде.

 

Бос және уақытша бос лауазым орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсіменен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім бері мекемелері берген дипломдар үшін, салытырып тексеру үшін түпнұсқалар);

4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрыңғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған, егжей-тегжейлі өмірбаян, қосымша қызметтік тізімнің (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, әкімшілік-мемлекеттік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың (өзге тұлғалар үшін);

5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

6) әскери билет немесе шақырту куәлігі.

 

Құжаттардың толық емес ұсынылуы конкурстық комиссияның қарауы олардан бас тартуға және конкурстың келесі кезеңдеріне жол бермеууге негіз болып табылады.

 

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- лауазымдық қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты жалақы мөлшерінің ұлғаюы, тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақылар, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

- арнаулы атағына байланысты 48 жастап бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген жағдайда).

Толық ақпарат алу үшін мына телфон арқылы хабарласуға болады: (010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі 1, анықтама телефондары: 8 (7172) 71-52-29, 72-26-35, 72-25-89, электрондық адрес g.zhazenova@mvd.gov.kz, z.sagatbekova@mvd.gov.kz).

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басшы құрамның келесі бос лауазымға конкурс жариялайды (C-SV-9 санаты бойынша, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 150 071 тг. бастап): Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Медициналық басқармасының аға инспектор-дәрігері – 1 бірлік.
Дата публикации
24 июля 2024