Негізгі функционалдық міндеттері: Медициналық қамтамасыз етуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Семинарлар, конференциялар өткізуді ұйымдастыруға қатысу. ІІМ Алқасы, кеңестері үшін ақпарат, материалдар дайындауға қатысады. ІІО медициналық ұйымдарының ақпаратын жинауды және қорытуды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау. Функционалдық міндеттерді орындауға байланысты жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде жүзеге асыру. Ішкі Істер Министрлігінің медициналық ұйымдарының медицина қызметкерлеріне бұйрықтар, нұсқаулық хаттар, нұсқаулар және т. б. жеткізу. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Тыл департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің және ІІМ-нің басқа да қызметтерінің, полиция, Ұлттық ұлан Департаменттерінің және т. б. мамандарымен өзара іс-қимыл жасау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау. Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша материалдарды, ведомстволық денсаулық сақтаудың медицина қызметкерлерін көтермелеуге арналған марапаттау материалдарын жинауды жүзеге асыруға қатысу. ІІО медициналық ұйымдарының қызметін тексеруді жүзеге асыру. ПД медициналық бөлімдерінің (топтарының) қызметін тексеруді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспайды, ерлер үшін бойы 165 см-ден кем емес, әйелдер үшін 157 см-ден кем емес.
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында (жалпы медицина, емдеу ісі, қоғамдық денсаулық сақтау) мамандықтары бойынша.
Еңбек өтілі:
- құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- арнайы мемлекеттік органдарындағы немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
- Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - МҚІА) уәкілетті органы беретін тестілеуден өту сертификатының және жеке қасиеттерін бағалау қортындысының болуы (құқық қорғау қызметі, 2 бағдарлама бойынша МҚІА-нің 20.06.2016 жылғы № 1 «Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес).
Конкурс ІІМ-нің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009 «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі» бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз өту үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде.
Бос және уақытша бос лауазым орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсіменен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім бері мекемелері берген дипломдар үшін, салытырып тексеру үшін түпнұсқалар);
4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрыңғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған, егжей-тегжейлі өмірбаян, қосымша қызметтік тізімнің (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, әкімшілік-мемлекеттік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың (өзге тұлғалар үшін);
5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) әскери билет немесе шақырту куәлігі.
Құжаттардың толық емес ұсынылуы конкурстық комиссияның қарауы олардан бас тартуға және конкурстың келесі кезеңдеріне жол бермеууге негіз болып табылады.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- лауазымдық қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты жалақы мөлшерінің ұлғаюы, тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыруға арналған жәрдемақылар, мансаптық өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
- арнаулы атағына байланысты 48 жастап бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген жағдайда).
Толық ақпарат алу үшін мына телфон арқылы хабарласуға болады: (010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі 1, анықтама телефондары: 8 (7172) 71-52-29, 72-26-35, 72-25-89, электрондық адрес z.sagatbekova@mvd.gov.kz).