қатардағы және орта, кіші басшы құрамына жұмысқа орналасу үшін конкурс жариялайды (C-SVR-8 (инспектор) санаты бойынша, лауазымдық жалақысы 124232 теңге, C-SV-12 (полицейі) санаты бойынша, лауазымдық жалақысы 123525 теңге, C-SV-13 (техник) санаты бойынша, лауазымдық жалақысы 109721 теңге):

Тәрбие және кадр жұмысы тобының инспектор-психологі: Астана станциясындағы Желілік полиция бөлімі (бұдан әрі – ЖПБ(б) - 1 бірл.;

Штаб-бөлімшесінің инспекторы: Астана ст. ЖПБ - 1 бірл., Түркестан ст. ЖПб - 1 бірл., ;

Әкімшілік полиция бөлімшесі құқық бұзушылықтарды алдын алу тобының инспекторы: Манғыстау ст. ЖПб - 1 бірл.;

Әкімшілік полиция бөлімшесі ұйымдастырушылық-аналитикалық тобының инспекторы: Павлодар ст. ЖПб - 1 бірл.;

Әкімшілік полиция тобының инспекторы: Астана ст. ЖПБ «Нұрлы жол» вокзалындағы бөлімше - 1 бірл.;     

Патрульдік полиция полицейі: Астана ст. ЖПБ(б) - 2 бірл., Державинск ст. - 1 бірл., Жалтыр ст. - 1 бірл., Аршалы ст. - 1 бірл., Ақтөбе ст. - 1 бірл., Сарыағаш ст. -1 бірл.,  Мақат ст. -1 бірл., Күлсары ст. - 1 бірл., Достык ст. - 2 бірл.,  Жезқазған қ. - 2 бірл., Қонаев - 1 бірл.,  Көкшетау - 2 бірл., Қандыағаш - 5 бірл., Саяқ - 1 бірл., Қостанай - 2 бірл., Құсмұрын ст. - 1 бірл., Новоурицкое ст. - 1 бірл., Тобол ст. - 1 бірл., Қызылорда - 1 бірл., Өскемен - 2 бірл., Риддер ст. - 1 бірл., Шемонаиха - 1 бірл., Павлодар - 2 бірл., Петропавл - 1 бірл., Семей ст. - 2 бірл.,  Ауыл - 1 бірл., Дегелең - 1 бірл., Боранды - 1 бірл., Қаратау – 1 бірл., Орал  - 1 бірл., Орал қ. әуежайы - 1 бірл., Тасқала ст. - 1 бірл., Матай - 1 бірл., Шу - 2 бірл.

Ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі - 2 бірл. ;

Көліктегі ПД Автошаруашылықтың полицей-жүргізушісі - 5 бірл.

Тылдық қамтамасыз ету басқармасының технигі - 1 бірл.

Тылдық қамтамасыз ету басқармасының қойма меңгерушісі - 1 бірл.

Кинологиялық қызметі тобының кіші инспектор-кинологі: Петропавл ст. ЖПб - 1 бірл.

КПД ғимамаратты күзету тобының полицейі - 1 бірл.;

Тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі: Астана қ. әуежайы ЖПб ст. - 1 бірл., Түрксіб ст.- 1 бірл., Павлодар ст.- 1 бірл.;

Кеңсе технигі: Астана ст. ЖПБ - 2 бірл., Жезқазған ст. ЖПб - 1 бірл.;

Негізгі  лауазымдық міндеттері: қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті қамтамасыз ету,  қылмыстың алдын-алу, ашу, тергеу, тылдық қамтамасыз ету, техникалық қолдау көрсету.

Конкурс  Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері ережесіне сәйкес өткізіледі (ІІМ-нің 2020 жылғы 13 наурыздағы    № 211 бұйрығы).

Құжаттар қабылдау: Департаменттің жергілікті жерлердегі желілік бөліністері.

Құжаттарды қабылдау уақыты: 2024 жылғы 19 – 29 шілде аралығында.

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру; 

- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

 - арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде),

- тұрғын-үй төлемдері (патрульдік полициясының қызмет инспекторы, патрульдік полициясының полицейі, кинологиялық қызметінің кіші инспектор- кинологі).

Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см., әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен, сондай-ақ әскери қызметке шақырудан босатылған, денсауық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды), білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы (офицерлік лауазымына),.

Толық ақпаратты алу үшін (010000, Астана қаласы, Затаевич көшесі 18/1, 113-кабинет, анықтама телефондары 8 (7172) 94-22-47, 71-59-53, телефоны, e-mail: press_dvdt@mail.ru, al.abelmanova@mvd.gov.kz ) электрондық  мекенжайы бойынша жүгіну қажет.

ҚР ІІМ КПД
Дата публикации
19 июля 2024