Функционалдық міндеттемелері:
Департаменттің тұрғын үй комиссиясының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен көтермелеу және наградтау мәселелері жөніндегі Департамент комиссиясының, Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәлімгерлік кеңесі комиссиясының қызметін қамтамасыз ету; тұрғын үй төлемдерін алушылар деп танылған қызметкерлердің (жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау), сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлердің (жұмыскерлердің) есебін жүргізу; зейнетақыны ресімдеу үшін қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдарының есептерін дайындауды қамтамасыз ету; Департаменттің әскери міндетті қызметкерлерінің, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің және еңбек шарты бойынша жұмыскерлерінің әскери есебін жүргізу; «Е-қызмет» ИАЖ-да мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің деректерін есепке алуды жүргізу; қызметтік куәліктерді дайындау, есепке алу, сақтау, беру және жою; Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерді, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, еңбек шарты бойынша жұмыскерлердің жеке істерін жүргізуді қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерін міндетті медициналық сақтандыру үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесінде есеп жүргізу; өз құзыреті шегінде азаматтардың өтініштерін, олар бойынша заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қажетті шаралар қабылдауды қарау; өзіне қойылған міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде оған Заңның 16-бабында және құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген міндеттер жүктеледі.
Білім деңгейі мен мамандыққа қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес, жоғары кәсіби білім.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Білімі мен дағдыларға қойылатын талаптар: нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың бар болуы.