Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының аға офицері, (1 бірлік), В-PKО-7 санаты бойынша.

Функционалдық міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында стартегиялық және бағдарламалық құжаттар әзірлеу және іске асыруға қатысу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау  нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға, ұйымдарға квазимемлекеттік секторы субъектілеріне енгізілген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға есеп және бақылау жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуды ұйымдастыру; сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындау бойынша мемлкеттік органдардың және ұйымдардың қызметтерін үйлестіру; сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениетті қалыптастыру аясындағы білім бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдауға қатысу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысу; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмі және нормативтік құқықтық базасына қатысты қоғамды хабардар ету жұмысына қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша құжаттарға бақылау жүргізу, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қарастыру; Қазастан Республикасы Президенті мен Үкіметі,  Агенттік басшылығының актілеріне, заңдарына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асыру; өз кәсіби қызметінде құқық қорғау органдары қызметінің жүйесін реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады;

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға C-SVO-8 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі талап етелмейді; мемлекеттік қызметте кемінде екі жыл жұмыс өтілінің; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы; Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының аға офицері, (1 бірлік), В-PKО-7 санаты бойынша.
Дата публикации
06 июня 2024