Функционалдық міндеттемелері:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруға қатысу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізу; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға кеңес беру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, квазимемлекеттік секторлармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасауға және жұмыстарын үйлестіру; превенция бағыты бойынша жұмыстың озық нысандары мен әдістерін қолдану және тарату жөнінде шаралар қабылдау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауын анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді және тақырыптық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін ЖАО және БАҚ өкілдерімен талқылау; белгілі бір мемлекеттік органдарда немесе салаларда жиі және қайталанатын тәуекелдерді анықтау мәніне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу; қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілігі институтын іске асырудың ведомстволық мониторингін жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және мониторинг қорытындылары бойынша жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар (ұсыныстар) әзірлеу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша ақпаратты жинау, талдау және бағалау; ҚР ӘҚБтК-нің 804-бабы шеңберінде әкімшілік хаттамалар жасау. Әкімшілік практиканы жалпы үйлестіру және қорыту; ҚР ҚПК 200-бабының тәртібімен енгізілетін ұсынымдардың жобаларын тікелей зерделеп, оларды қарау нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдармен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бөлімшелеріне жолдау; мемлекеттік және жеке секторларда, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін айқындау және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіру; білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша кешенді жоспарды орындауда жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша материалдарды өңірлік және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, Департаменттің ресми сайтында жариялау; квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында, сондай-ақ ұлттық компаниялардың өңірлік бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіру.