Функционалдық міндеттемелері: мемлекеттік органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік секторының қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасау себептері мен шарттарын анықтау бойынша мониторинг өткізу, оның ішінде мемлекеттік сатып алуда мониторинг өткізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарды жасау; мемлекеттік органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік секторының қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасау себептері мен шарттарын анықтау бойынша талдау өткізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарды жасау; Департамент басшылығымен қарастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасау себептері мен шарттарын анықтау бойынша өткізілген шаралар жөніндегі ақпараттың жобаларын дайындау; Басқарма жоспарларын құрастыру барысына қатысу, Басқарма қызметкерлері-орындаушылардың қызметін үйлестіру; мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін қарастыру бойынша өткізілетін жиналыстарға құжаттама дайындауға қатысу; Басқарма құзіретіне кіретін сұрақтары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілерімен байланыс жасау; Басқарма құзіреті шеңберінде Сыбайлас жемқорлық жөніндегі ұлттық баяндамаға енгізу үшін ұсыныстар дайындау; Басқарма құзіреті шеңберінде әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі істер бойынша өндіріс жүргізу; Басқарма құзіретіне кіретін сұрақтары бойынша анықтамалар және жиынтық-талдамалық ақпаратты құрастыру; Басқарма құзіретіне кіретін сұрақтары бойынша құқықтық актілерін даярлау; Басқарма құзіретіне кіретін сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарма құзіреті шеңберінде халықаралық ұйымдармен, оның ішінде рейтингтік агенттіктермен өзара қарым-қатынас жасау бойынша жұмысына қатысу.
Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
В-PKО-7 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:
1) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын жоғары білім беру бағдарламалары бойынша бітірген адамдарға C-SVO-8 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі талап етелмейді;
3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар: нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.