Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін адам ресурстарын басқару (HR), сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыттары бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар Агенттікке eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі қажет.
Бағалаушылардың бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларында, оның ішінде тиісті ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:
а.ж. 30 мамырдан бастап 05 маусым аралығы