Функционалдық міндеттері: ақпараттық ресурстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу; бизнес-процестерді автоматтандыру және Агенттік пен Департамент қызметіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу; ақпараттық қауіпсіздік қатерлеріне талдау жүргізу; ақпараттық қауіпсіздік санаттарын беру және ақпараттық ресурстардың қорғалу жай-күйін бағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттық технологиялар мен байланысты енгізу, жаңғырту жобаларын қарауға және келісуге қатысу; ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитін жүргізу процестерін ұйымдастыру және бақылау; штаттан тыс (дағдарысты) жағдайлар кезінде ақпараттық қауіпсіздік инциденттері туындаған кезде персоналды, басшылықты, шұғыл қызметтерді және қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарын хабардар ету; ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты ақпараттық активтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы процестердің жұмыс істеуін ұйымдастыру және бақылау; цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және үйлестіру; автоматтандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттық технологиялар мен байланысты енгізу, жаңғырту жобаларын қарауға және келісуге қатысу; ақпараттық қауіпсіздік инциденттері туындаған жағдайда талдау үшін үздіксіз жұмыс істеуі маңызды болып табылатын Ақпараттық жүйелер мен сервистердің жұмыс істеу оқиғаларын жинау, өңдеу, сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау; ақпараттық қауіпсіздік саласында пайдаланушыларды хабардар ету деңгейін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау (оның ішінде жұмысқа қабылдау кезінде барлық персоналға міндетті нұсқамалар); пайдаланушылар арасында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және олардан ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды талап ету.
Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім.- технологиялар IT, компьютерлік технологиялар мен ақпараттық бағдарламалардың инженері, бағдарламалау, жүйелік әкімшілендіру.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің;
мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы.