Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті бос лауазымға (құқық қорғау қызметі бойынша) конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті арнайы басқармасының аға офицері (1 бірлік), В-PKО-7 санаты бойынша

 

Функционалды міндеттер:

  • қажетті арнайы техникалық құралдар және байланыс құралдарымен жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысады;
  • арнайы техникалық құралдарды техникалық пайдалану, сақтау және беру бойынша шараларды жүзеге асырады;
  • Департамент қызметкерлеріне арнайы жедел-іздестіру шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында арнайы және басқа да техникалық құралдарды қолдану бойынша оқытуды жүргізеді;
  • арнайы жедел-іздестіру шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізеді;
  • арнайы жедел-іздестіру шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында алынған материалдарды тіркейді;
  • арнайы жедел-іздестіру шаралары және жасырын тергеу әрекеттеріне талдау жасайды;
  • істер номенклатурасын жүргізеді;
  • өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес өз құзіреті шеңберінде «Құқық қорғау қызметі» туралы ҚР Заңының 16-бабында және ҚР құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін заңдарында көзделген міндеттер жүктеледі.

Білім деңгейі мен мамандыққа қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес, жоғары кәсіби білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте немесе сот төрешісі лауазымында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес; Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар: нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті бос лауазымға (құқық қорғау қызметі бойынша) конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті арнайы басқармасының аға офицері (1 бірлік), В-PKО-7 санаты бойынша
Дата публикации
24 мая 2024