Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік).

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы негіз болып табылады.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Бұйрық жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражатын талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Төменгі мемлекеттік лауазымдардағы еңбекақыны арттыру мақсатында «С» функционалдық блогы 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап, қосалқы және көмекші блоктарды («В» және «С») біріктіру жолымен жойылуда. 

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығы.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Жобаның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт көлемі).

Агенттіктің интернет-ресурсында 2024 жылғы «21» мамырда және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы«17» мамырда орналастырылған. Орналастырылған бұйрық жобасына сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15056643  

  1. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы ақпарат.

Талап етілмейді.

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етілмейді.

 

Дата публикации
21 мая 2024