Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін талдау және бақылау бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі қажет.
Бағалаушылардың бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларында, оның ішінде тиісті ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:
а.ж. 18 мамырдан бастап 24 мамыр аралығы