ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті Тылдық қамтамасыз ету басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімі аға инспекторы C-SV-9 (1 бірл.)

Функционалдық міндеттері:  Мемлекеттік сатып алу бойынша облыстардың аумақтық бөліністерінің қызметі туралы статистикалық және басқа ақпараттарды жинау және талдауды, ақпараттық-талдау құжаттарының жобаларын, жоспарларды, дайындауды қамтамасыз етеді. Оларды уақтылы ұсыну мен құжаттардың орындалуының дұрыстығына жауапты. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзге ведомстволар мен инстанцияларға ұсынылатын жинақталған анықтамаларды, ақпараттар мен ұсыныстарды дайындайды. ҚАЖ комитеті үшін сатып алынатын тауар, жұмыс пен қызмет көрсетулер көлемі мен номенклатурасын, мемлекеттік сатып алулар жоспарын қалыптастырады, мемлекететтік сатып алулар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

 ҚАЖ комитеті үшін тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алудың веб-порталында ұйымдастыруды жүзеге асырады. ҚАЖ  комитеті үшін тауарлар, жұмыс және қызмет көрсетулер мемлекеттік сатып алуларды веб-порталында өткізу кезінде конкурстық мүшесінің  үрдісін ұйымдастыруды жүзеге асырады. ҚАЖ комитеті үшін тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге мемлекеттік сатып алу келiсiмшартттар жобаларын әзiрлейді. Міндеттемелер бойынша бюджеттік қаражатты игеруін бақылауды Қарағанды, Қызылорда, Манғыстау, Оңтүстік-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстаноблыстары бойынша ҚАЖД департаменттер бойынша жүзеге асырады. Шағым-талап қоюға байланысты жұмыстар уақытылы атқарылады. ҚАЖ комитеті және басқарманың жұмыс жоспарына, басшылықтың тапсырмасына сәйкес тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету үшін іссапарларға шығады. Топ жұмыстарын ұйымдастыру бойынша топтың бас сарапшысына көмек көрсетеді, топ қызметіне қатысты мәселелер бойынша басшылықтың жеке тапсырмаларын орындайды. ҚАЖ комитетінде, сондай-ақ ведомстволық бағынысты бөлімшелерде мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша ұйымдастыру-талдау іс-шараларын жүргізеді, басқармаға келіп түсетін кіріс хат-хабарларды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, ұсыныстарын қарайды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын мүлтіксіз сақтайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактілеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың кімнен шықпаса да кез келген көріністеріне қарсы тұру және оларға төзбеушілік міндетті; өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелеу мақсатында қандай да бір адамдардың оларға жүгіну фактілері туралы ӘҚҚ басшылығының және (немесе) өз қауіпсіздігі қызметінің назарына дереу жеткізу міндетті; өзіне белгілі болған азаптаулар мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын ар-намысты қорлайтын өтініштер мен жазаларды қолдану жағдайлары туралы басшылықтың және Құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізу міндетті; өтініштер бойынша мәселелер мен қабылданған шешімдердің сипатын – жауапты орындаушыларға дұрыс толтыру міндетті; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау; қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемелеріне барудан бас тартуға міндетті;

ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті Тылдық қамтамасыз ету басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімі аға инспекторы C-SV-9 (1 бірл.)
Дата публикации
17 мая 2024