«Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) цифрлық даму (инновация), ақпараттық қауіпсіздік, байланыс бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар Агенттікке eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі қажет.
Бағалаушылардың бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларында, оның ішінде тиісті ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:
а.ж. 14 мамырдан бастап 20 мамыр аралығы