Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін  мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру (дебюрократизация) бағыттары бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.

Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар Агенттікке eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі қажет.

Бағалаушылардың бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларында, оның ішінде тиісті ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы қажет.

 

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:

 а.ж. 11 сәуірден бастап 17 сәуір аралығы

Дата публикации
10 апреля 2024