Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі полиция департаменті Ішкі істер органдарына қатардағы және орта, кіші басшы құрамына жұмысқа орналасу үшін конкурс жариялайды (C-SVR-8 (инспектор) санаты бойынша, лауазымдық жалақысы 124232 теңге, C-SV-12 (полицейі) санаты бойынша, лауазымдық жалақысы 106712 теңге, C-SV-13 (техник) санаты бойынша, лауазымдық жалақысы 95917теңге):
Тәрбие және кадр жұмысы тобының инспектор-психологі: Астана станциясындағы Желілік полиция бөлімі (бұдан әрі – ЖПБ(б) - 1 бірл.;
Тәрбие және кадр жұмысы тобының инспекторы: Атырау станциясындағы ЖПб - 1 бірл.;
Әкімшілік полиция тобының инспекторы: Астана ст. ЖПБ «Нұрлы жол» вокзалындағы бөлімше - 1 бірл.;
Әкімшілік полиция бөлімшесі ұйымдастырушылық-аналитикалық тобының инспекторы: Достық ст. ЖПб - 1 бірл.;
Штаб-бөлімшесінің инспекторы: Достық ст. ЖПб - 1 бірл.;
Патрульдік полиция полицейі: Астана ст. ЖПБ(б) - 1 бірл., Атбасар ст. - 1 бірл., Державинск ст. - 1 бірл., Арқалық ст. - 1 бірл., Алматы-1 ст. - 2 бірл., Ақтөбе ст. - 1 бірл., Достық ст. -5 бірл., Жезқазған ст. - 3 бірл., Қоскөл ст. - 1 бірл., Жезқазған қ. әуежайы - 1 бірл., Көкшетау - 3 бірл., Бұрабай-Курорты - 1 бірл., Ақкөл ст. - 1 бірл., Қандыағаш - 2 бірл., Шұбар-Құдық - 1 бірл., Қарағанды - 1 бірл., Саяқ - 2 бірл., Балқаш - 1 бірл., Құсмұрын ст. - 1 бірл., Новоурицкое ст. - 1 бірл., Қызылорда - 2 бірл., Өскемен - 1 бірл., Павлодар - 2 бірл., Павлодар қ. ауежайындағы - 1 бірл., Екібастұз ст. - 1 бірл., Шарбақты - 1 бірл., Петропавл - 1 бірл., Мамлютка ст. - 1 бірл., Тараз - 1 бірл., Қаратау – 1 бірл., Түрксіб - 1 бірл., Үштөбе - 1 бірл., Матай - 1 бірл., Шығанақ - 2 бірл.
Ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі - 3 бірл. ;
Ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы: Павлодар ст. ЖПб - 1 бірл.
Ақпараттандыру және байланыс тобының технигі: Манғыстау ст. ЖПб - 1 бірл.
Кіші инспектор-кинолог: Петропавл ст. ЖПб - 1 бірл.;
Көліктегі ПД Автошаруашылықтың полицей-жүргізушісі - 5 бірл.
Тылдық қамтамасыз ету басқармасының технигі - 1 бірл.
Тылдық қамтамасыз ету басқармасының қойма меңгерушісі - 1 бірл.
Тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасы: Алматы қ. әуежайы ЖПб - 1 бірл., Манғыстау ст. ЖПб - 1 бірл.;
КПД ғимамаратты күзету тобының полицейі - 1 бірл.;
Тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі: ст. ЖПБ(б) Астана ст. - 1 бірл., Жезқазған ст. б - 1 бірл., Қарағанды-Сұрыптау ст.- 1 бірл.;
Кеңсе технигі: Тараз ст. ЖПб - 1 бірл.;
Негізгі лауазымдық міндеттері: қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын-алу, ашу, тергеу, тылдық қамтамасыз ету, техникалық қолдау көрсету.
Конкурс Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері ережесіне сәйкес өткізіледі (ІІМ-нің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығы).
Құжаттар қабылдау: Департаменттің жергілікті жерлердегі желілік бөліністері.
Құжаттарды қабылдау уақыты: 2024 жылғы 7 – 20 наурыз аралығында.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру;
- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
- арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде),
- тұрғын-үй төлемдері (патрульдік полициясының қызмет инспекторы, патрульдік полициясының полицейі, кинологиялық қызметінің кіші инспектор- кинологі).
Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см., әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен, сондай-ақ әскери қызметке шақырудан босатылған, денсауық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды), білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы (офицерлік лауазымына),.
Толық ақпаратты алу үшін (010000, Астана қаласы, Затаевич көшесі 18/1, 113-кабинет, анықтама телефондары 8 (7172) 94-22-47, 71-59-53, телефоны, e-mail: press_dvdt@mail.ru, al.abelmanova@mvd.gov.kz ) электрондық мекенжайы бойынша жүгіну қажет.