Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, 160002, Шымкент қаласы, Абай даңғылы №2, анықтама үшін телефон +7 701 151 56 41 электронды мекен жайы: n.dolbakova@minfin.gov.kz тергеу қызметіне бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды ҚР ҚК 216, 233, 307 баптарымен қарастырылған заңсыз қаражат айналымы (Стоп-обнал), алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы, заңсыз ойын бизнесі саласындағы қылмыстарды анықтау, алдын алумен тергеуге бағытталған шұғыл-тергеу іс-шараларын тікелей ұйымдастыру, бекітілген бағыт бойынша күнделікті бақылау жасау. Басқарма құзыреттілігіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың арыз және өтініштерін қарау, Басқарма орындауындағы Көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары мен хабарламаларының қаралуына үнемі бақылау жүргізуге. Бекітілген заңнамаға сәйкес көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және ашу мақсатында бастапқы ақпараттарды жедел тексеру, шұғыл өңдеулерді жүргізу, бақылау және есепке алуды жүзеге асыру, ҚР заңнамаларымен бөлім құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде істерін қарап, олар бойынша хаттамалар толтыру, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексімен қарастырылған әкімшілік ұстауды және басқа мәжбүрлеу шараларын қолдану. Басқарма басшысының және орынбасарының тапсырмаларына сәйкес ведомствоаралық жұмыс топтарының, комитет және өзге құқық қорғау, мемлекеттік органдарының орталық және жергілікті жұмыс топтарына қатысу. Кәсіптік біліктілігін, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік заңнама нормаларын, өзге нормативтік-құқықтық актілерін, білім деңгейін арттырып тереңдетуде үнемі жұмыс атқару. ҚР заңнамасына сәйкес жалпы және арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу. Жасырын аппаратпен жұмыс жасау, жедл өндірістегі істерді жүргізу мен шұғыл әзірлемені дайындау. Департамент бөлімшелерінің қызметіне қатыстысұрақтар бойынша әдістемелік нұсқамалар мен ережелердің жобаларын дайындау және Комитет басшылығының қарауына ұсыну. Әскери-қызметтік тәртіптің, заңдылықтың және құпиялық режимінің сақталуын қамтамасыз ету, Комитет және Департамент басшылығымен жүктелген басқа да тапсырмаларды орындау.
Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе ортадан кейінгі кәсіби білімі. (экономикалық, құқықтану)
Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 07 сәуір 2016 жылғы № 362 «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы » бұйрығымен анықталған құқық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін қызметке жарамдылық бойынша тиісті санаттар.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: жұмыс өтілінің болуы талап етілмейді. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексін(Салық кодексі)», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін білу.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу және білімі, қабілеті және жеке құзыреттілігі бойынша тестілеуден, әскери-дәрігерлік комиссиядан және полиграфологиялық зерттеуден міндетті түрде өту қажет.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі комитеті органдарының экономикалық тергеу қызметін реттейтін заңнамаларын орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқарманың құзыреті шегінде өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен салық және қаржы мәселелері бойынша ынтымақтасуды жүзеге асырады. ҚР заңнамасына сәйкес салық және қаржы саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу, алдын-алу және анықтау бағытында жұмыстарды жүргізеді. Салық және қаржы саласындағы және басқа да экономикалық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, бекітілген заңнамаға сәйкес салық және қаржы саласындағы, оның ішінде, аналитикалық жұмыс, экономикалық қылмыстарды және ұйымдасқан қылмыстық топты анықтау және ашу; салық және қаржы саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылық деректерін анықтау барысында, құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғалар мен куәгерлерді ұстау бойынша заңмен белгіленген шаралар қолдануға; қызмет үдерісінде, ішкі істер министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, прокуратураның, соттың және басқа да уәкілетті мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен қарым-қатынасты қамтамасыз етуге, басқарманың Комитетке жолданатын арнайы есептерін әзірлеуге; қызмет барысында техникалық құралдарды, ал керек болған жағдайда арнайы құралдарды және қорғаныс құралдарын кеңінен қолдануға; жергілікті құқық қорғау органдарымен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарды іске асыруға және арнайы бірлескен жұмыс жоспарларын әзірлеуге; басқарманың жұмыс әдістерін және қызметтік құпияны қатаң сақтауға.
Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе ортадан кейінгі кәсіби білімі. (экономикалық, құқықтану)
Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 07 сәуір 2016 жылғы № 362 «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы » бұйрығымен анықталған құқық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін қызметке жарамдылық бойынша тиісті санаттар.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: жұмыс өтілінің болуы талап етілмейді. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексін(Салық кодексі)», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін білу.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу және білімі, қабілеті және жеке құзыреттілігі бойынша тестілеуден, әскери-дәрігерлік комиссиядан және полиграфологиялық зерттеуден міндетті түрде өту қажет.
Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні, Шымкент қаласы, Абай даңғылы №2.
Құжаттар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Әкімшілік бөліміне қағаз жүзінде қабылданады. Шымкент қаласы, Абай даңғылы №2, (106 кабинет), анықтама үшін сымтетік +7 701 1515641 сондай-ақ, электрондық түрде e-mail: n.dolbakova@minfin.gov.kz. Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы құжат тапсырған азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу өтуге бір жұмыс күні қалғанға дейін ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар саны
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;
4) бiлiмi туралы құжаттардың (диплом мен қосымшаның) көшiрмесiн;
5) әскери қызмет өткерген немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшiрмесiн;
6) өлшемі 3х4 фотосуретін (4 дана);
7) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және А4 форматында басылып шығарылған өмірбаянын;
8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама;
10) үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар;
11) құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан заңнамаларға біліктілігін тестілеуден шекті деңгейден төмен емес нәтижеде өткендігі туралы сертификат;
12) құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан жеке құзыреттерін бағалаудан өткендігі туралы қорытынды.
Бұл ретте кадр қызметі құжаттардың көшірмесін түпнұсқасымен салыстырады.
Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.