Мемлекеттік қызметтегі гендерлік теңдік туралы ақпарат

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әйелдердің үлесі 55,6% (83 009-ден 46 116) құрайды, оның ішінде: саяси лауазымдарда – 8,3%, «А» корпусының әкімшілік қызметшілер бойынша – 12,9%, «Б» корпусы бойынша – 56%. Басшы  лауазымын атқаратын әйелдердің жалпы үлесі – 39,3% (23 790-нан 9 346).

Анықтама: Лауазымдар бөлінісіндегі әйелдердің өкілдігі: министрлердің орынбасарлары – 11,1% (90-нан 10), өңір әкімдерінің орынбасарлары – 6% (84-тен 5), орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы – 15,8% (19-дан 3), орталық мемлекеттік органдарының комитет төрағасы орынбасарлары мен департамент директорлары – 35,2 % (398-ден 140), орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары – 15% (511-ден 79),  облыстық басқармалардың басшылары – 16,4% (402-ден 66), қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары – 12,8% (600-дан 77).

2023 жылы «Б» корпусы әкімшілік қызметкерлерінің 29 675 лауазымына конкурс өткізілген. Жалпы конкурсқа қатысушылардың саны 48 018 адамды құрады, оның ішінде жалпы қатысушылардың арасында әйелдердің саны 21 817 адамды немесе 45,4% құрады. Конкурс жеңімпаздарының арасынан әйелдердің үлесі – 43,8% (15 858-ден 6 942) құрады.

Конкурс нәтижелері бойынша басшы лауазымдарға тағайындалғандардың арасындағы әйелдердің үлесі – 27,8% (4 730-дан 1 315) құрады.

Анықтама: 2022 жылы «Б» корпусы әкімшілік қызметкерлерінің 32 881 лауазымына конкурс өткізілген. Жалпы конкурсқа қатысушылардың саны 58 441 адамды құрады, оның ішінде жалпы қатысушылардың арасында әйелдердің саны 24 984 адамды немесе 42,8% құрады. Конкурс жеңімпаздарының арасынан әйелдердің үлесі – 43,3% (18 300- ден 7 923) құрады.

Конкурс нәтижелері бойынша басшы лауазымдарға тағайындалғандардың арасындағы әйелдердің үлесі - 26,9% (4 508-ден 1 211) құрады.

Дата публикации
07 февраля 2024