2023 жылғы 12 айы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормаларының сақталуына тексеру нәтижелері туралы ақпарат

2023 жылдың 12 айында Агенттік және оның аумақтық департаменттері 396 тексерулер жүргізді (Агенттік - 30 және аумақтық департаменттер - 366).

Олардың нәтижелеріне сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 13215 бұзушылық анықталды, оның ішінде:

  • персоналды басқару қызметтерімен (кадр қызметтерінің) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тізімдерін жүргізуді қамтамасыз ету – 2644 (20%);
  • мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы
  • бағалау – 1818 (14%);
  • лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту – 1035 (8%);
  • мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалыс беру кезінде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету -1004 (7%);
  • бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу, сондай-ақ ауыстыру тәртібінде - 878 (6%);
  • мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану - 679 (5%);
  • жұмыс режимінің сақталуын қамтамасыз ету - 507 (4%);
  • мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу - 4650 (35%).

Есепті кезеңде тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға 345 бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар мен нұсқамалар және заңнаманы бұза отырып қабылданған шешімдердің күшін жою бойынша ұсыныстар енгізілді (Агенттік – 16, орындалуы 100%, аумақтық департаменттер – 329), оның ішінде 338 орындалып, нәтижесімен мемлекеттік органдарының заңсыз қабылданған 82 актінің күші жойылған .

Тексеру нәтижелері бойынша 191 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Агенттіктің және оның аумақтық департаменттері қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 80 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

 

 

Дата публикации
22 января 2024