Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінде Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеті жүктелген қызметкердің 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу кестесіне сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Кестеге сәйкес 2024 жылғы қаңтар айында Агенттіктің аумақтық департаменттерінде Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеті жүктелген қызметкерлермен кездесу өтті.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (43, 60-баптар бойынша) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (22-бап бойынша) заңдарындағы нормалар туралы баяндалды.

Кездесу нәтижесі бойынша Агенттіктің аумақтық департаменттеріндегі Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеті жүктелген қызметкерлердің аумақтық департамент қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Дата публикации
22 января 2024