Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін еңбек (қызметтік) тәртібін сақтауды бақылау, адами ресурстарды басқару және мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар Агенттікке eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі және k.sultanova@kyzmet.gov.kz электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
Бағалаушылардың бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларында, оның ішінде тиісті ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:
а.ж. 30 қарашадан бастап 6 желтоқсан аралығы