«Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Әзірлеуші мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

«Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының
2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына өзгерістер енгізуді қамтиды.

Атап айтқанда:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы №501 Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
26 ақпандағы №98 қаулысына сәйкестендіру (Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті таратылып, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі құрылды);

2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің полиция бөлімдері қызметшілерінің мәртебесін көтеру мақсатында салыстырмалы кестеде көрсетілген өзгерістер енгізу;

3) мемлекеттік тілдегі үлгілік біліктілік талабы тармағының реттік санын редакциялық түзету.

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі жоқ.

Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс ықпалы жоқ деп болжанады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды – 08.11.2023, 333 кбайт.

Орналастырылған бұйрық жобасына сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14789250

Дата публикации
24 ноября 2023