Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 қарашадағы «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» №970 Қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы таратылады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 және «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрықтарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет жүйесінде цифрлық технологияларды кеңінен қолдану жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында (2020 жылғы 4 наурыздағы № 20-01-7.7), сондай-ақ «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі №470 қаулысының 23-тармағын орындау үшін, Агенттік «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-жүйе) дамыту және жаңғырту бойынша жұмыстарын жүргізуде.
Бұл ретте, жаңартылған жүйенің пилоттық режимде жұмыс істеуі мақсатында жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеудің және өткізудің уақытша қағидаларын 2024 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен мемлекеттік органдарға енгізу қарастырылған.
Бұйрықтың жоғарыда көрсетілген жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.
Орналастырылған бұйрық жобасына сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14805802