Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар қатарынан аталған Қоғамдық кеңестің екі мүшесін сайлау бойынша қосымша конкурс өткізетінін хабарлайды.
Конкурс «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.
Құжаттар қабылдау мерзімі: 10 жұмыс күні.
Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды тапсырады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталмаған болуы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Құжаттар 2023 жылғы 8 қарашадан 21 қарашаны қоса алған мерзімде Астана қаласы, Абай даңғылы, 33 А, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мекенжайы бойынша қолма-қол қабылданады немесе m.imanbaev@kyzmet.gov.kz электрондық поштасына ұсынылуы қажет.
Қосымша ақпаратты мынадай нөмерлер арқылы алуға болады:87011702233, 8705 1306978, 8 (7172) 753209.