Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар Агенттікке eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі және a.ermakhanova@kyzmet.gov.kz электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
Бағалаушылардың бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларында, оның ішінде тиісті ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:
2023 жылғы 17 қазаннан бастап 23 қазан аралығы.