«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 5-тармағының жекелеген ережелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 14 шілдедегі № 22-НҚ нормативтік қаулысына (бұдан әрі – нормативтік қаулы) сәйкес әзірленді.
Нормативтік қаулымен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабының 5-тармағы төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды:
кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сай келмейді деген теріс себеппен өкілеттіктің тоқтатылуы лауазымынан босатылған судья үшін құқықтық салдарға әкеп соғу «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы шеңберінде ғана болуға тиіс;
көрсетілген себеппен судья лауазымынан босатылған азамат өзге де салаларда, оның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыра алады.
Осыған байланысты, заң жобасында «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарға түзетулер көзделген.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
2023 жылғы 3 қазандағы заң жобасы «Ашық НҚА» интернет - порталында жарияланған.
Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14736695